2019 жылдың 20 ақпанында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «El jastar» театрының шымылдығы түрілді. Шығарма авторы, бауырлас, түбі бір түркі елі Башқұртстанның танымал жазушысы, Жастар сыйлығының лауреаты Айгиз Баймухаметов. «Тастамашы мені, Ана» повесі желісімен жазылған туындының сахналық нұсқасын жасаған Ангиза Ишбулдинаның «Армандар кемесі» драмасы колледж студенттерінің қатысуымен қойылды. Балалар үйлеріндегі сан түрлі тағдыр иелерінің әлеуметтік өмірін суреттеген қойылым Қазақстанда тұңғыш рет сахналанды. Премьера аншлагпен өтті.

Кеш соңында театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысовалар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.

Бөлісу