Қымбатты достар!

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз колледж қызметімен, оның тарихымен, құрылымымен таныса аласыздар! Студенттер, ата-аналар, талапкерлер, оқытушылар өздеріне қажетті ақпаратты таба алады!

Бүгінгі таңда біздің колледж – Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы үздік оқу орындарының бірі. Бұның дәлелі . «TALAP» КЕАҚ өткізген саралау қорытындысы бойынша 2017, 2018, 2019 жж. бірінші орынға ие болуы.

Оқу орны шығармашылық ұжымдардың жыл сайынғы жетістіктерімен және олардың облыстық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты атағымен, Түркия еліндегі фольклорлық ансамбльдер, Дагестан Республикасындағы «Каспий – достық жағалауы» халықаралық фестивальдеріне қатысуымен, Ресей Федерациясы Йошкар-Ола және Курган қалаларында өткен театралдық қойылымдарымен, облыстық, республикалық және халықаралық жастар Дельфий ойындарындағы, «Қазақстан раушандары» фестиваліндегі жеңістерімен мақтанады.

Колледж түлектері Қазақстанның көптеген аймақтарында, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде мәдениет және өнер салаларының жоғары кәсіби мамандары болып қызмет атқаруда.

Колледжде нағыз мамандар, өз ісінің шеберлері, білікті оқытушылар еңбек етіп, білім алушыларға хореографияның, сценарий жазу шеберлігінің, режиссураның, дизайн өнері мен кітапхана ісінің құпияларын ашып, қыр-сырын үйретуде.

Ізгі тілекпен және шынайы құрметпен Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы.

Миссия

Социумның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына тез бейімделуге қабілетті жаңа буынның жоғары білікті кадрларын даярлау.

Пайым

Дәстүрлерді сақтай отырып және инновацияларды енгізе отырып, колледж – қоғамда лайықты орынға және мансаптық өсу мүмкіндігімен қоғам мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауда білім беру ұйымдары арасында көшбасшы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылғы 20 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Ақмола облысы колледждерінің шығармашылық бағыты оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің I отырысы өтті. Семинардың тақырыбы «Педагогтің цифрлық мәдениеті:ақпараттық сауаттылықтан шығармашылық цифрлық құзыреттілікке дейін».  Семинар шығармашылық пәндер педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және олардың цифрлық мәдениетін жетілдіруге бағытталған. Семинарды «Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастырды. Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскері Ж.А.Зулкарнаева семинар тақырыбының өзектілігін,  педагогтің цифрлық мәдениеті қазіргі білім беру процесінің негізгі шарты болып табылатынын атап өтті. Семинар жұмысына шығармашылық пәндер оқытушылары қатысты: Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінен  К.А.Рерих, С.К.Таткенова, Ұ.Н.Жүніс, Г.А.Магзумова; Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен Р.Т.Байкенова,  Ә.Ж.Дүзелбай,  В.П.Учкина, М.А.Тукеева.  Семинар барысында оқытушылар түрлі жұмыс түрлерін көрсетті: практикалық мысалдар, цифрлық презентациялар, бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың кәсіби өсу мен педагогикалық қызметті жетілдіру үшін маңыздылығын атап өтті. Модератор семинара: С.И.Ильясова.

Құрылған күні: 2025.11.20 16:48:48
20 ноября 2025 года на базе Высшего колледжа культуры им. Акана серэ состоялось I заседание ...
Бөлісу