Ақмола облысы Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде 2018 ж. 17 қазаны тарихи айтулы күн болды. Ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының ескерткіші колледж алаңында бой көтерді. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Амренова,  драматург, ақын, жазушы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы  Төлеген Қажыбаев, Көкшетау қаласының құрметті азаматы , Ақан серінің жерлесі  Б.С. Жанадилов, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Б.Сабитова А.Б., Мәлік Ғабдуллин мұражайының директоры Қ.Р.Мырзабек, ҚР еңбегі сіңген артисі Бисара Макенова, әнші  Қажыбай Жахин,  ақын Қуаныш Оспан сынды құрметті қонақтар салтанатты рәсімнің көркін қыздырды. сонымен қатар БАҚ өкілдері де салтанатты кештің куәсі болды. Ертеңгі өскелеңге адаспас алтын қазыққа айналатын тарихи тұлғамыздың ескерткішінің авторы  «Шабыт» фестивалінің лауреаты,  жерлесіміз     Әбенов Ринат Жантөреұлы.

Салтанатты рәсім әуелі Ақан сері Қорамса ұлының өмірін бейнелейтін колледж студенттерінің сахналық қойылымымен бастау алса, алғашқы құттықтау сөз бен мүсінді  ашу құрметі Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Амреноваға берілді.  Іс-шара дәстүрлі шашумен жалғасып, қонақтардың құттықтау сөздері айтылды. Жас ақын Қуаныш Оспановтың ұлы тұлғаға арнауы оқылып,  дәстүрлі ән өнерінің дәріптеушісі Қажыбай Жахиннің орындауындағы Ақан серінің «Маңмаңгер» әнімен іс шара жалғасын тапты. Тұлғаға арнап тұрғызылған мүсіннің ашылу салтанатының соңы Ақан сері атындағы жоғары колледжінің ән ұранымен аяқталды.

Бөлісу