2018 жылғы 02 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «1 курс білім алушыларының колледжге бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 1 курс білім алушыларының оқу қызметіне бейімделуі; Бірінші аттестататтау нәтижесі және сабаққа қатысулары бойынша талдау; Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы; Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі мәселелері қарастырылды.
Жиналыс білім алушылардың дайындаған шағын концертімен жалғастырылды.