2018-2019 оқу жылының 27-ақпаны мен 7-наурызы аралығында Дизайн пәндерінің пәндік комиссия онкүндігі өтті. Онкүндіктің алғашқы күнінде «Дизайн» мамандығының білім алушыларының орындаған шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Жауапты оқытушылар: Мамбетова У.С., Сеитова Г.Б.
Колледж ішілік іріктеу кезеңінен өткен 3-ИД тобының білім алушысы Жусупбекова Мадина 27-28 ақпан күндері «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills – 2019» өңірлік чемпионатына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Жетекшісі Құсайынова Қымбат Мұқанқызы.
28-ақпан күні Хавдыразах Күлжазира және 4-КД тобының білім алушыларының ұйымдастыруымен колледждің 1-курс білім алушылары арасында «Көктем шуағы» атты байқау өтті. Байқау барысында киім дизайны бойынша әртүрлі тапсырмалар берілді. Бұл байқауда 1-орынды 1-ПХ (р) тобы, 2-орынды 1-КД тобы, ал 3-орынды 1-ПХ (қ) тобы иеленді.
1-наурыз күні 3-КД тобында Арнайы сурет пәнінен «Адамның жартылай денесі» тақырыбында Сеитова Гүлбаршын Бегәліқызы ашық сабақ өткізді. Білім алушыларға адам денесін салу кезеңдері мен ерекшеліктері жайлы мұқият түсіндірілді.
Дизайн пәндерінің пәндік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен 1-наурыз күні «Әдебиет және өнер» музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының бағдарламасы аясында жастар жылына арналған «Ұлы дала өрнектері» атты дефиле өткізілді. Дефиледе ұсынылған жұмыстардың авторлары «Дизайн» мамандығының түлектері Жампейісова Айжан, Болатова Айнаш, Зүлпиәр Камшат, Сосина Валерия, Серікпаева Асыл, жетекшісі Хавдыразах Күлжазира, Горлова Юлия, Хайролла Азамат, жетекшісі Тукеева Маржангүл Ахыжанқызы, Сүлеймен Нұрия, жетекшісі Мағзұмов Дужан Нұроллаұлы. Костюмдер үлкен шеберлікпен ұлттық нақышта және заманауи тақырыпта орындалған.
4-наурыз күні 2-ИД тобында Макеттеу сабағынан «Зачетное занятие. Обобщение практических работ» тақырыбында Тукеева Маржангүл Ақыжанқызы ашық сабақ өткізді. Топ білім алушылары өздері орындаған «Балалар бөлмесі» жобасын қорғады. Сабақ қорғау және пікір алмасу түрінде қызықты өтті.
Құсайынова Қымбат Мұқанқызы «Дизайн» мамандығының білім алушыларымен бірге «Мереке қарсаңындағы тосын сый» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтауды колледж фойесінде ұйымдастырды
7-наурыз күні «Дизайн» мамандығының түлегі Сүлеймен Нұрия «Киім дизайны» біліктілігінің білім алушыларына киімге сурет салу және батик техникалары бойынша шеберлік классын өткізді. Шеберлік класс барысында Нұрияның оқу барысында жеткен жетістіктері жайлы айтылды.