Өзін-өзі тану онкүндігі аясында 4 ақпан күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Балаларға берілген жүрек» тақырыбында адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сынып сағаты  өтті. Білім алушыларды Сара Алпысқызының өмірбаянымен (әңгіме көркем презентациялармен сүйемелденді) таныстырды, оның рухани-адамгершілік білім беруді дамытуға, «Бөбек» орталығының дамуы мен жұмыс істеуіне қосқан үлесі туралы толық мәлімет берді, «Сара Алпысқызының алтын жүрегі» атты бейнеролик көрсетілді.   Балалар өздерінің «Өзін-өзі тану» пәнін неге үйрететіні туралы әсерлерімен бөлісті; мейірімділік  туралы әндер айтып, өлеңдер оқыды, «жалпыадамзаттық құндылықтар бар жүрек» суретін салды. Әр білім алушының  жүрегіне сынып сағаты жақсылықтың бір бөлігін әкелді.

Бөлісу