Сәуір аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату айы болды.

Айлық шеңберінде колледж білім алушыларымен «Шеңбер бойынша сұрақтар мен жауаптар», «Зоопарк», «Сұхбат», «Мені тап» және т.б. жаттығуларды пайдалана отырып тақырыптық сынып сағаттары, тренинг сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Аутизм. Жаңбыр балалары», «Әлем аутистің көзімен», «Біз жай ғана басқамыз» тақырыбында ақпараттық бейне жазбалар мен презентациялар ұсынылды.

Айлықты өткізудің мақсаты ең алдымен адамдарға бұл аурудың қиындықтары жайлы түсінік беру, аутизм бала мен отбасы үшін үкім емес екенін, онымен өмір сүруге және қоғамға пайда әкелуге болатындығын білуге бағытталған. Осы іс-шараларды дайындау және өткізу білім алушыларды белсенді шығармашылыққа және аутизм проблемасының маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ осындай қиындықтары бар адамдарға деген толеранттылыққа баулуға мүмкіндік береді.

Бөлісу