2021 ж. 27 мамырда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Студенттер қалашығындағы шоу-дефиле!» атты сән көрсетілімі өтті.

Көрсетілімде «Киім дизайны» біліктілігінің 4 курс білім алушыларының дипломдық жобалары ұсынылды.

«Art nouveau», «Modern», «Аvant-garde», «Сlassic» стильдеріндегі киім үлгілері көз жауын алып, көрерменнің жоғары бағасына ие болды.. Ұлттық колорит стиліндегі заманауи үлгілер көрсетілімі жарқын аксессуарлармен толықтырылған.

Кештің құрметті қонағы «Ақай» сән үйінің директоры Ғалия Серікқызы Алдабергенова  4-курс студенттері мен оқытушыларын құттықтап, болашақ мамандардың нәзік талғамы мен кәсібилігін атап өтті.

Көрсетілім барысында көрермендер «Киім дизайны» біліктілігі студенттерінің  кәсіби жұмыстарымен бірге «Ер тұран» триосы және «Аmigos» аспаптық ансамблі сияқты шығармашылық топтардың өнерін де тамашалай алды.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы іс-шара ұйымдастырушыларына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Бөлісу