Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің өмірі өте қызықты және алуан түрлі. Оқу орнында әр түрлі бағыттағы шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді, онда әрбір студент өз қабілеттерін көрсете алады.

«AMIGOS» аспаптық ансамбліндегі сабақтар музыкалық сауаттылық және өнер туындыларымен жұмыс саласында терең білім алуға бағытталған.

Студенттер  гитараның әр түрінде ойнау дағдыларын дамытады: классикалық акустикалық гитара, бас-гитара, ритм-гитара, соло-гитара, сондай-ақ   соқпалы қондырғы, маракастар, тамбурин, шейкер, дарбука, кахон сияқты соқпалы және перкуссиялық аспаптарда орындауды үйренеді. Ансамбль жетекшісі – демалыстану пәндерінің оқытушысы Бронников Дмитрий Владимирович.

Эстрадада  «жанды» орындаушылыққа деген қызығушылықты ескере отырып, ансамбль мүшелері сахналық мінез-құлық нормалары мен ережелерін және бейнемен жұмыс жасауды үйренеді.

«AMIGOS» аспаптық ансамблі «Струнная капель-2019» гитара әндерінің республикалық фестиваль-конкурсының лауреаты болып табылады. 4 жыл ішінде ұжым колледжішілік, қалалық және облыстық маңызы бар 30-дан астам мәдени-көпшілік  іс-шараларға қатысып,  дипломант атанды

Эстрадалық-музыкалық орындаушылық саласында өзін көрсеткісі келетін креативті және шығармашыл жастар үшін ұжымның есігі әрдайым ашық!

Бөлісу