03 желтоқсан күні Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Нашақорлықтың алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылық және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»  тақырыптарында студенттермен кездесу өтті.

Ақмола облысы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі,  полиция майоры Разия Талғатқызы Курсанова студенттерге есірткіні қолдану және тарату туралы бейнеролик көрсету арқылы нашақорлықтың алдын алу туралы айтып берді. Разия Талғатқызы студенттермен викторина өткізіп, 3 БП тобының студенті Целых Полина, 1 КҚҰ тобының студенті  София Овсяникова бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жыныстық қол сұғылмаушылық және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»  Көкшетау қаласы бойынша ПБ ЖПҚБ аға учаскелік  инспекторы,  полиция майоры Айжан Омарбаевна  Кошкенова түсіндірді.

Бөлісу