Колледж жатақханасы білім алушылардың жаңа талап-тәрбиеге жылдам бейімделуіне жағдай жасайды. Жатақханада тұратын студенттердің оқуға дайындалуына, демалуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндіктері бар. 85 студентке арналған  32 жайлы бөлме (2,4 орындық) қажетті жиһазбен қамтамасыз етілген.

Жатақханада білім алушылар үшін барлық жағдайлар жасалған, атап айтсақ:

  • тәрбиеші бөлмесі;
  • Эстетикалық талапқа сай жабдықталған демалу бөлмесі, бұл жерде сабақтан тыс уақытта теледидар қарауға, көркем әдеби кітаптар оқуға, үсті ойындарын ойнауға болады, әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізуге болады және жатақхана жиналысы өткізіліп тұрады;
  • 2 ас бөлмеге электроплиталар, су жылытқыштар және суды тазалайтын фильтр орнатылған;
  • жеке бөлмелерге тоңазытқыш, мұздатқыш камералары қойылған ;
  • 2 гигиена бөлмесі;
  • душ қабылдау бөлмелері бар.

Жатақханада тұратын білім алушылардың құқығы мен міндеттері, бөлмелерді беру, бөлмелерге орналастыру, жатаханаға кіріп-шығу тәртіптері қарастырылған, жатақхана  тұрғындарының қауіпсіздігі үшін білім алушыларға арналған  ішкі тәртіп ережесі бекітілген.

Техникалық қауіпсіздік бойынша ақыл-кеңес беріліп, «Техникалық қауіпсіздік журналы» толтырылып отырады. Қабатта өрт сөндіру құрылғылары, қабырға ақпараттары мен эвакуация жоспарлары бар.

Жатақхана тұрғындарына қызмет көрсету деңгейі барлық талаптарға сай. Колледж білім алушылары  жарық әрі жылы бөлмелерде тұрады. Оқытушылар, тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог білім алушылармен үнемі  әңгімелесу арқылы жеке кеңестер  береді.

Колледж әкімшілігі мен жатақхана қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру жұмыстарын үнемі өткізіп тұрады. «Жатақхана туралы ереже» бойынша ең бірінші жетімдерге, ата-анасының қамқорынсыз қалған білім алушыларға, мүгедектерге, көп балалы отбасынан шыққан  және аз қамтылған білім алушыларға орын беріледі.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің жатақханасында тәрбие жұмысы ҚР ұлттық экономика Министрінің «Білім мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптары туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы негізінде жасалып, колледж директоры бекіткен тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сай жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай:

  1. Ұйымдастыру жұмысы
  2. Ата-аналармен жұмыс
  3. Жетімдермен жұмыс

Келесі бағыттарда тәрбие жұмысы жүргізіледі:

  1. Рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
  2. Азаматтық және патриоттық тәрбие
  3. Құқықтық тәрбие және әлеуметтік алдын алу жұмысы
  4. Эстетикалық тәрбие
  5. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
  6. Еңбек тәрбиесі
  7. Дене тәрбиесін қалыптастыру және салауатты өмір салтын тәрбиелеу
  8. Конфессиалдық тәрбие

Жатақханадағы тәрбие жұмысының мақсаты – жатақханада тұратын білім алушыларға физикалық, психологиялық мәселелер туған жағдайда жедел көмек беру. Жатақханада тұратындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсарту үшін, олардың толыққанды оқып, демалуы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауы үшін бар жағдай жасалған. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір сүру, рухани құндылықтарды, жалпы адами нормаларын қалыптастыру бойыша тәрбие беріледі.

Жатақханада өзін-өзі басқару органы – студенттік кеңес жұмыс істейді. Олар жатақхана меңгерушісі, тәрбиешілер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасымен бірге бөлмелердің санитарлық жағдайы, мәдени демалысты ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

Жатақхана жұмысы – тәрбие жұмысының ең жауапты бөлігі. Белгілі бір тәртіпті қалыптастыру, ережеге бағыну, құндылықтарды анықтап, сақтай білу, көпшілікке үйрену, жатақханада тұратын студенттерді тәрбиелеудегі басты бағыттар.

Тәрбие ісінің шеберлері: жатақхана меңгерушісі А.Н.Балтабаева, тәрбиеші И.И.Моисеенко, әлеуметтік педагог Г.А.Есенбекова, психолог А.Ж.Умбетова топ жетекшілері жатақханада тұратын білім алушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізеді.

Жатақханада Идият Жанар Калиакпарқызы, Карбаев Сунғат Хамидұлы ауысыммен жұмыс істейді.

Бөлісу