2024 жылғы 24 қаңтарда жұмыс жоспарына сәйкес Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы шығармашылық пәндер сабақтарында шығармашылық қызметті дамыту» тақырыбы бойынша онлайн-офлайн форматта шығармашылық бағыттағы ӘБ семинары өтті.
Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Семинар тақырыбы өзекті мәселеге – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы шығармашылық пәндер сабақтарында шығармашылық қызметті дамытуға арналған.
Семинардың мақсаты: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу.
Семинарға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, Біржан сал атындағы музыка колледжінің, Степногорск қаласының жоғары колледжінің, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің шығармашылық мамандықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Жаманбаева Қарағөз Мұқышқызы семинарға қатысушыларын құттықтап, облыстың барлық колледждерінің жұмысы туралы айтып, қол жеткізілген жетістіктерге талдау жүргізіп, семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.
Қазіргі әлемде функционалдық сауаттылық білім беру сапасының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Оқытушылардың алдында білім алушыларды өнермен таныстырып қана қоймай, оның көмегімен шығармашылық ойлауға, адам қызметінің, қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттерді шешуге үйрету міндеті тұр.
Семинарда оқытушылар келесі тақырыптарды қамтыды:
Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі
- «Күрделі ритмикалық суреттерді игеру әдістемесі» Базаров Ербол Турлыхожаұлы, арнайы пәндер оқытушысы
- «Классикалық гитарада ойнауды үйрену кезінде сыни ойлауды қалыптастыру және дамыту», Ахмалишев Алибек Маратович, арнайы пәндер оқытушысы
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі
- Әдеби квест «Аққан жұлдыздың жарығы». Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы, СмаковаСалтанатЖаксылыковна, колледжінің кітапханашысы
- «Мәдениет және өнер саласы мамандықтары студенттерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудағы заманауи білім беру технологиялары (жұмыс тәжірибесінен)», Актаева Акмарал Ермековна, химия оқытушысы, колледж директорының ОӘБ бойынша орынбасары
- «Хореографиялық композицияда орындаушы биінің мәнерлілігін дамыту», Погорелый Андрей Иванович, арнайы пәндер оқытушысы
Семинарға қатысқан оқытушылар өз баяндамаларында оқыту траекториясымен бөлісті, заманауи оқыту технологияларының әдістері бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Олардың барлық баяндамалары түрлі-түсті, жарқын бейне көріністермен, сабақтардың фото-презентацияларымен сүйемелденді.
Семинар соңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы білім беру үрдісінің функционалдық сауаттылығы мен тиімділігін, сондай-ақ әрбір педагогтің кәсіби деңгейі мен шеберлігін арттыру үшін ұсынылған практикалық және ақпараттық материалдың құндылығын атап өтті.
Барлық баяндамалар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді .
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинардың модераторы оқытушы Ильясова Сәуле Ибраевна болды.