jjjjjjjjjjj

Отбасы күні

Құрылған күні: 2021.09.26 12:25:46

2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйек айында Отбасы күнін атап өтеді. «Интерьер дизайны» мамандығының 2 курс студенті Дарья Якименконың шығармашылық отбасы туралы бейнеролик ұсынамыз.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК келесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

Құрылған күні: 2021.09.21 09:07:52
  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
  2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;
  8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты келесі  мекен-жай бойынша алуға болады: Көкшетау қ., Жамбыл Жабаев көшесі, 140,  тел.  8716-2-32-91-86.

  1. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);

3) “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

«Jas Оtan»

Құрылған күні: 2021.09.20 14:03:30

2021 жылғы 20 қыркүйекте Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің бірінші курс студенттері үшін «Jas Оtan»  жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы қызметінің үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұсаукесер барысында студенттерге жастар қанатының бастамашыл жобалары ұсынылды.

Тіл – ұлттың жаны

Құрылған күні: 2021.09.09 11:00:40

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын, әсіресе мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – қазақ тілін дамыту мәселесі үлкен ықыласпен қабылданды. Тіл – халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан халқының үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру мүмкіндігі бар. Елдің әрбір саналы азаматы мемлекеттік тілді білуі қажет, өйткені ұлттың тілін білмей,  оның мәдениетін де, тарихын да түсіну мүмкін емес. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

«Ән халық ажары»

Құрылған күні: 2021.09.10 13:02:38

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және  Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында  9 қыркүйекте  «Достар» мәдениет сарайында  «Ән халық ажары» қалалық караоке байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жоғары мәдениет колледжінің студенттері Қомар Нұрсұлтан – екінші орынға,  Арасанбек Ерасыл – үшінші орынға ие болып,  дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Колледж әкімшілігі жеңіспен құттықтайды!   Жетістіктеріңіз көп болып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!

Білім күні

Құрылған күні: 2021.09.01 15:00:01

Жаңа оқу жылының басталуы –  ең жарқын, қызықты және есте қаларлық мереке. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде күздің бірінші күні – Білім күнін мерекелеудің игі дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Биылғы жылы колледждің есігі 114 бірінші курс студенттеріне ашылды. 2-4 курс студенттері де назардан тыс қалған жоқ.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы дәстүрлі жиын болған жоқ. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбына кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттар барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, Конституция, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер тақырыптары ашылды.

Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Үлкен жеңістер, шығармашылық құлшыныс және оқуда табыс тілейміз.

«Балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу»

Құрылған күні: 2021.08.18 17:10:33

2021 жылғы 18 тамызда Ақмола облысы педагогтарының облыстық тамыз конференциясы шеңберінде колледж басшының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысы болып  өтті. Отырыс барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары              Райхан Балтабекқызы  Баткульдина «Балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталатыны туралы айтып, ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды өткізген кездегі пайдаланған тапсырмаларға,бағалау парақтарына, пән бойынша құрастырылған білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау критерийлеріне тоқталып өтті. Әріптесімізге алдағы уақытта, шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

Бөлісу