2021 жылдың 20 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері Муравская Елизавета және Ямаева Виолетта «Daraboz Education» республикалық ғылыми журналы ұйымдастырған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» республикалық онлайн байқауына қатысты.
Студенттер байқауға соғыс жылдарындағы өлеңдермен бейне жұмыстарын ұсынып, Бас жүлдеге ие болды. Жоба жетекшісі Грядунова Екатерина Андреевна.
1 мамыр күні Көкшетауда дарынды жастардың, суретшілер мен қолөнершілердің сүйікті орнына айналған Арбат шығармашылық аллеясының ашылуы өтті.
Арбат Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша ашылды.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері – «Амигос» аспаптық тобының мүшелері де Арбаттың ашылуына қатысты.
Сәуір аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату айы болды.
Айлық шеңберінде колледж білім алушыларымен «Шеңбер бойынша сұрақтар мен жауаптар», «Зоопарк», «Сұхбат», «Мені тап» және т.б. жаттығуларды пайдалана отырып тақырыптық сынып сағаттары, тренинг сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Аутизм. Жаңбыр балалары», «Әлем аутистің көзімен», «Біз жай ғана басқамыз» тақырыбында ақпараттық бейне жазбалар мен презентациялар ұсынылды.
Айлықты өткізудің мақсаты ең алдымен адамдарға бұл аурудың қиындықтары жайлы түсінік беру, аутизм бала мен отбасы үшін үкім емес екенін, онымен өмір сүруге және қоғамға пайда әкелуге болатындығын білуге бағытталған. Осы іс-шараларды дайындау және өткізу білім алушыларды белсенді шығармашылыққа және аутизм проблемасының маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ осындай қиындықтары бар адамдарға деген толеранттылыққа баулуға мүмкіндік береді.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы Салтанат Жақсылыққызы Смакова 2021 жылғы 23-24 сәуірде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі базасында «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбында өткізілген республикалық семинарға қатысып, «Кітапханалық маркетинг» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар қорытындысы бойынша Салтанат Жақсылыққызына сертификат табысталып, Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылдың 28 сәуірінде Ақмола облыстық Білім басқармасы Щучинск қаласындағы педагогикалық колледж базасында колледждер арасында облыстық дебат турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты – өздік шешім қабылдауда стратегиялық сыни ойлау дағдысын дамыту. Американдық парламент форматында ұйымдастырылған турнирге колледждердің бірінші курс студенттерінен құралған 14 команда қатысты. Іріктеу турының, жартылай финалдың резолюциясы «Бұл палата ересектер балалардың жеке өміріне араласуы керек деп санайды», ал, жартылай финалдың қарары «Бұл палата техникалық прогресс өмірімізді жаман жаққа бұрды» тақырыбы болды. Жеребе тарту арқылы «Үкімет» немесе «Оппозиция» тараптарына орналастырылды. Өз ой-пікірлерінің дұрыстығын қорғауға тырысқан қатысушылар қызықты да, өткір айғақтарды алға тарта білді.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Парасат» командасы басқа колледждік курстастарынан алға шығып, бірінші орынға ие болды. Колледж студенттері сөйлеу шеберлігін көрсете біліп, өз ойларын жинақы да, нақты жеткізді. Қатысушыларға шығармашылық рух, жаңа жеңістер тілейміз!
2021 жылдың 14 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы университеттің дәстүрлі Ғылым апталығы аясында Ш.Уәлиханов атындағы университет жанындағы көпсалалы колледжде Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің «Ғылым әлемін аша отыра…» атты II облыстық ғылыми-зерттеу жобаларының онлайн-байқауы өтті.
Байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары Менкебай Әйгерім мен Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей қатысты. Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей 1 орынға ие болды. Жоба жетекшісі Алмагүл Қанатқызы Қажымұратова.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы, “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын қолдау, жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби толыққанды дамуы мақсатында, Алматы қаласы “Talantty Jastar” продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Қош келдің, Көктем” атты Республикалық өнер-білім байқауының жеңімпазы атанған – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Педагог – мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі” біліктілігінің 3 курс студенті Сагнаева Дана!
Бүгін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттері “Бірге -таза Қазақстан” экологиялық ақциясына қатысып, қаламызды қоқыстан тазалады.
#birgetazagazagstan#
Осы аптада Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК оқытушылары арасында «Үздік педагог-2021» колледжішілік қашықтық байқауы аяқталды.
Колледж оқытушылары өз портфолиосын, бейнесабақтар мен презентациялар көрсетілімін шығармашылықпен дайындап, ұсынды.
«Үздік педагог 2021» байқауында 1 орынды дизайн пәндері оқытушысы Ұлболсын Сағындыққызы Мамбетова иеленсе, байқаудың Бас жүлдесін демалыстану пәндерінің оқытушысы Дмитрий Владимирович Бронников жеңіп алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға өз әріптестерімен тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да табыстар тілейміз!