2021 жылғы 18 тамызда Ақмола облысы педагогтарының облыстық тамыз конференциясы шеңберінде колледж басшының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысы болып  өтті. Отырыс барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары              Райхан Балтабекқызы  Баткульдина «Балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталатыны туралы айтып, ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды өткізген кездегі пайдаланған тапсырмаларға,бағалау парақтарына, пән бойынша құрастырылған білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау критерийлеріне тоқталып өтті. Әріптесімізге алдағы уақытта, шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

Бөлісу