2021 жылғы 31 наурызда «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша Республикалық оқу- әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК базасында «WorldSkills чемпионатында хореографиялық ұжымның жетекшісі» жаңа құзыреттілікті дамыту» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.
Семинарға «Talap» КЕАҚ, РФ Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, РФ Челябі мемлекеттік мәдениет институтының, Нұр-сұлтан қ. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ өкілдері, ҚР Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша ТжКББ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Семинар барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы К. Г. Идрисова, «Талап» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің бас менеджері Е. Ж. Омаров, Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Г. У. Уразамбетова, хореография бөлімінің меңгерушісі С. М. Доспанова, директорының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары Ж. Кубжасарова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинеті ТжКБ жүйесінің кадрларын даярлау саласындағы серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту секторының меңгерушісі М.А.Исмагилова сөз сөйледі.
Ашық диалогқа арнайы пәндер оқытушылары мен РФ Оңтүстік-Орал гуманитарлық-педагогикалық университетінің өкілдері белсенді қатысты. Семинарға қатысушыларға WorldSkills стандарттары бойынша «Хореографиялық ұжымның басшысы» құзыреттілігінде Өңірлік чемпионат ұйымдастыру және өткізу бойынша материалдар ұсынылды.
2021 жылғы 22 ақпан және 12 наурыз күндері аралығында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойы қарсаңында Алматы қаласының «Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ ақыны – Жамбыл Жабаев» атты 1 Республикалық шығармашылық байқауы өткен болатын. Байқаудың негізгі мақсаты ақынның ұлы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау, қатысушылардың шығармашылық және рухани белсенділіктерін арттыру. Қатысушылардың әр қайсысы өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты. Байқауда «Көркем сөз» жанры бойынша бақтары өзгелерден оза шауып 1 орынды Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Драма театр әртісі» біліктілігінің 3 курс студенттері Қомар Нұрсұлтан, Сарсенбеков Ерсін, Талғатбек Мирас иеленді! Құттықтаймыз!
2021 жылғы 18 наурыз күні Ақмола тарихи-өлкетану мұражайында экскурсия өткізілді, оқушылар облысымыздың тарихымен және дәстүрлерімен танысты. Сондай-ақ, мұражайда «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбына дәріс ұйымдастырылды, оның модераторы-жобаларды жүзеге асыру және ҚХА құрылымы бойынша жұмыс бөлімінің маманы Бақытжан Айдосова.
Экскурсия және жоспарланған іс-шара өте жемісті және қызықты өтті!
2021 жылғы 23 ақпан күні “Достар” МС-ның ұйымдастыруымен жас таланттарды анықтау және олардың шығармашылықтарын дамыту, танымал болуларына ықпал ету және бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу мақсатында “Көктем аруы – 2021” байқауы өткізілген болатын. Сол байқауда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі” біліктілігінің 3 курс студенті Сагнаева Дана “Бас жүлдені” иеленді! Шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетау қаласы жастарының шығармашылық әлеуеттіліктерін анықтау мен дамыту, Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы заңын іске асыруда жағдайлар жасау, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру мен мәдени этникалық құндылықтарды тәрбиелеу мақсаттарында Достар МҮ-мен «Үздік жүргізуші – 2021» онлайн байқауы өткізілген болатын. Сол байқауда үздіктер қатарынан табылып, беделді 3-орынға ие болған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, «Драма театр әртісі» мамандығының 3 курс студенті Қомар Нұрсұлтан!
2021 жылғы 4 наурызда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» квестінің соңғы кезеңдері мен жабылуы өтті .
Бұл квестің мақсаты жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шараға «Ақмола – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенова қатысты.
Ойын барысында бірінші курс студенттерінен 7 команда ұсынылды. Квест қатысушылары ынта-жігерімен ойынның 7 кезеңінен сәтті өтті. Нәтижесінде барлық командалар квестің әр кезеңінің тапсырмаларын лайықты орындады.
Финалда жеңімпаздарға грамоталар мен адалдық кубогы табысталды.