jjjjjjjjjjj

Біздің жарияланымдар

Құрылған күні: 2020.12.08 16:05:36

Облыстық «Арқа жары» газетінің беттерінде Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы, “El jastar” театрының директоры Хәкім Хасамбайдың мақаласы жарияланды. Жарияланымның мазмұнымен толығырақ газеттің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы 132 нөмірінен (6 бетте) немесе газеттің ресми парақшасынан http://arka-azhary.kz/ сілтеме бойынша танысуға болады.

Үздік кәсіптік бағдарлаушы

Құрылған күні: 2020.12.08 15:20:11

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары А.Ж.Сағиденова мен А.Қ. Қажымұратова «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форумы аясында өткен «Үздік кәсіптік бағдарлаушы» облыстық сырттай байқауында 3 орын алды. Байқау жастармен кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін арттыруға, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін пайдалануға куратор-кәсіптік бағдарлаушыларды ынталандыруға бағытталған. Біздің оқытушыларымызды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!

«Жағдайың қалай, түлегім?»

Құрылған күні: 2020.12.07 16:04:00

Колледж жетістіктері – бұл ең алдымен оның түлектерінің жетістігі. Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде» 2020 жылдың 04 желтоқсанында «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспатар оркестірінің жетекшісі» біліктілігін тәмамдаған түлектері мен 4 курс білім алушылары және оқытушылар кездесуі өтті.

Онлайн форматта өткен кездесудің ұйымдастырушысы коледжде көп жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан, қобыз сыныбының оқытушысы Н.Б. Нұрмышева. 2008 жылдан бергі түлектерімен байланысып, тікелей онлайн байланысқа кіре алмағандары өздерінің жылы лебіздерін бейне таспа арқылы жіберді.

Осы күнде қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектер еліміздің әр өңірінде қызмет атқаруда: Баяубаев С.Қ. Ақтау қаласында орналасқан «Ұлттық ұлан» 6656 әскери бөлімінде, оркестр дирижеры, Жидебаева Л.Қ. СҚО Тимирязев ауданында «Өнер мектебінде» домбыра және вокал сыныптарының оқытушысы, Елубаева Қ.М. СҚО Ақжар ауданында «Серпер» өнер мектебінде музыка бөлімінің меңгерушісі…

«Жағдайың қалай, түлегім?» атты кездесу кеші өз жалғасын табады деген сеніммен аяқталды.

2020 жылғы бюджет қаражатын іске асыру туралы есептер

Құрылған күні: 2020.12.02 21:39:39

Тіркелген файлдар:

ADT-TIMES

Құрылған күні: 2020.12.02 18:34:33

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Драма театрының әртісі» біліктілігі «ADT-TIMES» бағдарламасын көруге шақырады . № 2 шығарылым. Барлығыңызға жағымды көрініс тілейміз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрылған күні: 2020.11.30 14:59:48

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттері қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды және Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы бейнероликті көру үшін ұсынады.

ҚР ТОП-100 студенттерін марапаттау

Құрылған күні: 2020.11.27 14:53:46

«Жастар KZ» жобасын жүзеге асыру аясында өткен республикалық «TOP 100 студент» байқауының жеңімпаздары анықталды.  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Нұрсұлтан Қомар 2020 жылғы 27 қарашада ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен, Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен және 50 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Жеңімпазды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

ADT-TIMES

Құрылған күні: 2020.11.26 15:46:35

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Драма театрының әртісі» біліктілігі «ADT-TIMES» бағдарламасын көруге шақырады, онда өзінің мамандығы, оқытушылары, студенттері, түлектері және т.б. туралы әңгімелейді. Бірінші шығарылымда қонақта –3 курс студенті, «Қазақстан Республикасының ТОП 100 студенті» жеңімпазы Қомар Нұрсұлтан. Барлығыңызға жағымды көрініс тілейміз!

 

«Табысты старт» – 3 орын

Құрылған күні: 2020.11.26 14:54:22

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Табысты старт» бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды (23-24 қарашада), байқауға Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «БЭМС» командасы қатысып, 3 орын алды. Байқау бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуына және қазіргі замандағы жастардың кәсіби бағдар алуына бағытталған.

Тіл мәртебесі – ел мерейі, рух тұғыры

Құрылған күні: 2020.11.25 16:31:37

2020 жылдың 25 қараша күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Тіл мәртебесі – ел мерейі, рух тұғыры» атты онлайн форматта  дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  Ақмола облысындағы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Бақыт Смағұлов, Облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің жетекшісі Айгүл Талпақова, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы  Төлекеев Қаратай Бәйкенұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Ерболат Баятұлы және колледж директоры, ҚР мәдениет қайраткері, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ыдрысова Құралай Ғазизқызы, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар тіл мәселесі бойынша өзекті тақырыптарды талдап, ой-пікірлерін ортаға салды. Колледж студенттері қызыға тыңдап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

Бөлісу