Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде оқу орны білім алушылары арасында «Туған ел – тұнған тарих» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.  Іс-шара онлайн режимінде өтті: қатысушылар өз шығармаларын орындауындағы видеолар жіберді. Қазылар алқасының мүшелері: Ерболат Баятұлы, Қайрат Сейітқазин, Қуаныш Оспан, Нұрболат Әбенов – байқау жұмыстарын бағалады. Байқау нәтижесі бойынша  1-орынды 4 ТҰЖ тобының білім алушысы Сәдуақас Тұрар, 2- орынды Ермұхан Дана (2 ТҰЖ), Елемес Мэлс (4 ТҰЖ), 3-орынды Келгенбай Оспан (2 ТҰЖ), Мейрамбек Қалмарал (3 ТҰЖ) иеленді. Білім алушыларды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!

Бөлісу