Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде Мұғалімдер күніне орай Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің музыкалық пәндер оқытушысы Б. С. Даулетжанова туралы мақала жарияланды.
Жарияланымның мазмұнымен толығырақ газеттің ресми парақшасынан мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/10/05.10.20.pdf немесе газеттің 2020 жылғы 5 қазандағы 189 нөмірінде.
Облыстық «Арқа жары» газетінің беттерінде Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы У. С. Мамбетованың мақаласы жарияланды.
Жарияланымның мазмұнымен толығырақ газеттің 2020 жылғы 3 қазандағы 105 нөмірінен немесе газеттің ресми парақшасынан http://arka-azhary.kz/ сілтеме бойынша танысуға болады.
Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығының білім алушысы Абай Ажарды және дизайн пәндері оқытушысы Ұ.С. Мамбетованы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Бозоқ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өткізген жас суретшілердің «Абай әлемі» атты (Абай шығармаларына иллюстрациялар) республикалық қашықтықтан байқауында I орын алуымен құттықтаймыз! Ажар Абайдың туындысы бойынша «Күз» атты жұмысын ұсынды. Алдағы уақытта да шығармашылық жеңістер тілейміз!
Негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды. Колледж ұжымы мен студенттері Құралай Ғазизқызын лайықты марапатпен шын жүректен құттықтайды! Одан әрі табыстар, жоғары жетістіктер мен үлкен шығармашылық жеңістер тілейміз!
Сіздерде үйден шықпай-ақ, Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің виртуалды қабылдау комиссиясының хатшысынан кеңес алу мүмкіндігі пайда болды.
Колледжге қалай түсуге болады? Қандай мамандықты таңдау керек? Шығармашылық емтиханға қалай дайындалу керек? ZOOM платформасында виртуалды конференция арқылы қабылдау комиссиясының қызметкерінен біле аласыз. Конференцияға қатысу үшін https://us02web.zoom.us/j/81487865728 сілтемесіне өтіңіз немесе конференция идентификаторын енгізіңіз: 814 8786 5728.
Виртуалды қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ.9.00-18.00, сенбі сағ. 9.00-15.00.
Құжаттарды тапсыру үшін өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдай аласыз:
1) EGOV.KZ электрондық үкімет порталы арқылы;
2) CollegeSmartNation https://college.snation.kz (https://college.snation.kz/ru/akm/college/11340/about колледжге сілтеме) платформасы арқылы
3) Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан колледждің қабылдау комиссиясына.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ. 9:00- 18:00, сенбі сағ. 9:00- 15:00.
Колледждің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде коронавирустық инфекциядан қорғану үшін негізгі сақтық шараларын: қашықтық пен маскалық тәртіпті сақтау қажет.
Жоғары мәдениет колледжі Сізді күтеді!!!
Қабылдау комиссиясының телефондары:
87162329490
87071506919
Талантливые и креативные юноши и девушки! У Вас есть прекрасная возможность поступить в Высший колледж культуры им.Акана серэ, г.Кокшетау и обучаться бесплатно с получением стипендии!
Для поступления в колледж Вам необходимо с 20 июня по 20 июля 2020 года подать полный пакет документов:
Для подачи документов Вы можете выбрать наиболее удобный для Вас способ:
График работы приемной комиссии: понедельник-суббота с 9:00 до 18:00.
При подаче документов в приемную комиссию колледжа необходимо соблюдать основные меры предосторожности для защиты от коронавирусной инфекции: соблюдать дистанцию и масочный режим.
Высший колледж культуры ждет Вас!!!
По всем вопросам обращайтесь по телефонам:
87162329490
87071506919 (WhatsApp)
Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары музыкалық білім немесе техникалық және кәсіби білім (музыкалық).
Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін; экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін; Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Біліктілігін арттыру туралы сертификаттар көшірмесі, біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда)
Еңбек кітапшасының көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап, сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Жамбыл Жабаев көшесі 140 мекен-жайында орналасқан «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да өтеді.
Конкурс 2020 жылғы 25 маусымда сағат 10.00-де 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтеді, телефон 8(7162)32-91-86, факс 8(7162)32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz
2020 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне 0401013 «Кітапханашы» біліктілігі бойынша оқу үшін құжаттарды қабылдайды (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай).
2020 жылғы 21 шілдеден 25 шілдеге дейін оқуға түсушілерге арналған дайындық курстары.
Қабылдау емтихандарына негізгі орта білім алған (9 сынып) тұлғалар жіберіледі. Қабылдау емтихандары: 27 шілдеден 31 шілдеге дейін.
Колледжге түсу үшін құжаттар тізімі:
1. Білімі туралы құжаттың түп нұсқасы;
2. 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
3. № 086-у нысаны бойынша медициналық анықтама;
4. № 088-у нысаны бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Қабылдау емтихандары:
1. Қазақ тілі;
2. Әдебиет бойынша ауызша емтихан.
Колледжге түсушіге бюджеттік орын мен жатақханада тұруға кепілдік беріледі.
Анықтама үшін толық ақпаратты kkas.kz. колледж сайтынан алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8(716-2)32-91-86; 8-778-338-67-81; 8-777-035-24-57; 8-707-844-18-65.
https://www.instagram.com/tv/CA6xjR2gwxs/?igshid=15kyy6gsuuext
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі баршаңызды жаздың алғашқы күнімен және БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН құттықтайды! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілейміз. Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!
https://www.instagram.com/tv/CA2yP0ogwf9/?igshid=70r73toe2fvz
https://www.instagram.com/tv/CA4aR7OAopu/?igshid=i6hjhrialzyz