jjjjjjjjjjj

Облыс әкімінің алғысы

Құрылған күні: 2019.05.16 08:10:52

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Кітапханашы» біліктілігінің 2 курс білім алушысы Сейтхан Аружан «Бақытты шаңырақ – қуатты мемлекет» атты іс-шараға қатысып, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатын алды. Аружанды құттықтаймыз және келешекте табыс тілейміз!

“Жас сарбаз”

Құрылған күні: 2019.05.15 18:20:34

2019 жылы 15 мамыр күні Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің ДТА, ИД және ТҰЖ топтарының 1 курс білім алушылары Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледж оқушылары арасында “Жас сарбаз” қоғамдық қозғалысы бағдарламасы бойынша облыстық әскери-спорттық жарыстарға қатысып, 3 орынға ие болды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған концерт

Құрылған күні: 2019.05.07 04:52:33

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған концерт өтті. Іс-шараны сырттай оқу бөлімінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері» біліктілігінің студенттері дайындады. Концертте соғыс уақытының және соғыстан кейінгі кезеңнің әндері шырқалды: С.Байтерековтың аңызға айналған «Әлиясы», соғыс туралы «Смуглянка», «Көк орамал» және т.б. әндерден попурри.

Концерт Д.Тухмановтың «Жеңіс күні» әнімен аяқталды, қатысушылар мен көрермендер залға Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен әкелерінің портреттерін алып шықты.

Біздің спортшыларды құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2019.05.07 04:50:24

ҰОС-ғы Жеңістің 74-жылдығына арналған Қалалық жеңіл атлетикалық эстафетада Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қыздар командасы екінші жүлделі орынға ие болды. Біздің спортшыларды құттықтаймыз!

Облыстық сап түзеу және ән байқауындағы 1 орын

Құрылған күні: 2019.05.07 04:47:50

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған облыстық сап түзеу және әндер байқауына қатысты.

Құрамы 48 адамнан тұратын жарасымды костюмдегі жігіттер мен қыздар взводы және барабаншылар тобы «Тәуелсіздік» алаңында тамаша өнер көрсетті. Қыздар взводы 1 орынға ие болды.

Біздің студенттерімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен құттықтаймыз!

Рейтингте бірінші

Құрылған күні: 2019.04.30 19:37:09

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан колледждерінің қызметін бағалау және ТжКБ ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қосымша уәждеме жасау үшін өткізілген саралау қорытындысы бойынша «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК Қазақстан Республикасының «Өнер және мәдениет» саласының колледждері арасында БІРІНШІ орынға ие болды.

Мүшайра

Құрылған күні: 2019.04.30 19:34:15

«Кітапханашы» біліктілігінің 2-курс білім алушысы Сейітхан Аружан Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Жастардың оты жалындап» атты қалалық ақындар мүшайрасына қатысып, «Сахна мәдениеті үшін» номинациясына ие болды.

Аружанды құттықтаймыз! Тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Облыстық деңгейде педагогикалық тәжірибені жалпылау

Құрылған күні: 2019.04.30 19:32:35

«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ң тарих және география пәндерінің оқытушысы А.Қ.Кажмуратованың «Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселесі» атты әдістемелік әзірлемесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында озық педагогикалық тәжірибені облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен тарату үшін ұсынылады.

Алмагүл Қанатқызын құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Құрылған күні: 2019.04.25 20:48:22

«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы С.К.Беккажанованың қатысуымен Парасаттылық аптасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Драма театрының артисі» біліктілігінің 4 курс білім алушыларымен дайындалған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» театрландырылған қойылымымен басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттау және қалыптастыру мақсатындағы дөңгелек үстел аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің өзекті мәселелері қаралды, колледждегі “Саналы ұрпақ” клубының жұмысы туралы айтылды, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында білім алушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап беріп, аталған тақырыпты белсенді талқылады.

Форумға қатысушыларды қарсы алу

Құрылған күні: 2019.04.23 19:15:30

23 сәуірде “Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі” МКҚК Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған облыстық іс-шара – жалпы білім беретін мектеп директорлары форумының қатысушыларын қарсы алды. Колледжге облыстың оқу орындарының 41 басшысы келді.

Қонақтарды колледж ауласынан студенттер ұлттық киімдермен қарсы алды, фойеде оркестр ойнады; оқу орнының кабинеттері мен залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Колледж студенттері мен оқытушылары дайындаған концерт қонақтарға жағымды әсер қалдырды. Өз мектептерінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтты.

Бөлісу