jjjjjjjjjjj

Основные показатели финансовой деятельности по состоянию на 01 января 2019 г.

Құрылған күні: 2019.01.01 14:20:15
Техническое и профессиональное образование ед. изм. 2019 год
годовой план план на период факт
1. Среднегодовой контингент обучающиеся чел. 390 390 390
средний расход на 1-го обучающегося тыс. тенге 722,6 722,6 722,6
2. Всего расходы, тыс.тенге тыс. тенге 214124 68266 68266
в том числе:
3. Фонд заработной платы тыс. тенге 166635 40488 38695
из них:
3.1. Адмиистративный персонал тыс. тенге 10166 2346 2346
штатная численность единиц 7 7 7
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 121023 111714 111714
3.2. Основной пересонал – ППС тыс. тенге 125119 31280 28512
штатная численность единиц 114 114 114
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 91461 91461 83368
3.3. Мастер производственного обучения тыс. тенге
штатная численность единиц
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге
3.4. Вспомогательный и технический персонал тыс. тенге 31350 7837 7837
штатная численность единиц 44 44 44
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 59375 59375 59375
2. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет тыс. тенге 28989 4066 4689
3. Коммунальные расходы
(свет, вода, отопление, связь,интернет, ареднда помещений и др.)
тыс. тенге 6345 2856 1078
4. Текущий ремонт помещений и оборудования тыс. тенге 12155
5. Капитальные расходы
(капительный ремонт, приобретение основных средств)
тыс. тенге
6. Прочие расходы
(приобретение литературы, канцелярских и хозяйственных товаров и др.)
тыс. тенге 71701 20856 23804

 

Основные показатели финансовой деятельности по состоянию на 01 января 2018 г.

Құрылған күні: 2018.01.01 15:17:17
Техническое и профессиональное образование ед. изм. 2018 год
годовой план план на период факт
1. Среднегодовой контингент обучающиеся чел. 400 380 385
средний расход на 1-го обучающегося тыс. тенге 750,85 846,57 819,48
2. Всего расходы, тыс.тенге тыс. тенге 300340 321700 315500
в том числе:
3. Фонд заработной платы тыс. тенге 166635 166635 169518
из них:
3.1. Административный персонал тыс. тенге 8749 8749 10166
штатная численность единиц 6 7 7
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 121513 104155 121023
3.2. Основной пересонал – ППС тыс. тенге 126536 126536 125577
штатная численность единиц 123 111 111
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 85728 94997 94277
3.3. Мастер производственного обучения тыс. тенге
штатная численность единиц
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге
3.4. Вспомогательный и технический персонал тыс. тенге 31350 31350 33775
штатная численность единиц 43 44 44
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 60755 59375 63967
2. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет тыс. тенге 29059 28989 28599
3. Коммунальные расходы
(свет, вода, отопление, связь,интернет, ареднда помещений и др.)
тыс. тенге 5600 6145 5556
4. Текущий ремонт помещений и оборудования тыс. тенге 6459 27890 31111
5. Капитальные расходы
(капительный ремонт, приобретение основных средств)
тыс. тенге
6. Прочие расходы
(приобретение литературы, канцелярских и хозяйственных товаров и др.)
тыс. тенге 92587 92041 80716

Халықаралық әйелдер күні

Құрылған күні: 2019.03.07 15:23:23

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жоғарғы мәдениет колледжінде нәзік жандарды тамаша мерекелік концертпен құттықтады! Іс-шара ерекше түрде өтті – жүргізушілерді  мимдер  мен клоундар ауыстырып, әрбір концерттік нөмірдің алдында пантомима болды. Көңілді атмосфера қызықты қойылымды  әсерлі нөмірлермен ауыстырылып отырды. Колледждің «нәзік жандарын» А.В.Павлиди, Н.Н.Тилеубаева, К.А.Бекмолдина, Б.С.Даулетжанова, Д.В.Бронников, Р.Н.Мусафарханов, сонымен қатар БП, ХАОЖ, ТҰЖ, КҚҰ, ИД топтарының  студенттері құттықтады.

Колледж фойесінде К.М.Кусаинованың жетекшілігімен дизайнерлердің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында колледждің кәсіподақ комитеті  әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, гүл мен тәттілер табыс етті.

Сенім мен қолдаукөрсеткені үшіналғысбілдіреміз!

Құрылған күні: 2019.03.04 14:19:08

2019 жылғы 1 наурызда Ақмола облысының әкімі Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлының облыстың белсенді жастарымен кездесуінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері»  біліктілігінің оқытушылары мен студенттерінің бастамасымен құрылған  «EL jastar» эксперименттік театрына қолдау  көрсету мақсатында театрдың арт-директоры Хакім Хасамбайға1000000 теңге мөлшерінде сертификаттытабыс етті. Өз кезегіндеХакім Хасамбай аймақ басшысына кездесуді ұйымдастырғаны және жастар бастамаларына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, облыс басшысын театрдыңкелесі премьерасы Д.Т. Саламаттың«Асқар мен асық» спектакліне шақырды. Мәлік Кеңесбайұлы театр шығармашылығына қызығушылық танытып, шақыруды қабыл алды.

«EL jastar» эксперименттік театры үстіміздегі жылдың 20 ақпанында башқұрт жазушысы А. И. Баймухаметовтың «Тастамашы мені, Ана» повесі желісімен,  «Армандар кемесі» драмасымен ашылған болатын. Драманы сахналауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары:қойылым режиссері Ф.А. Канафин, балетмейстері Н.Б.Ибраева және қоюшы-суретшісі колледждің 2018 жылғы түлегі Ә.Жеңіс үлес қосты.

Облыс басшысына сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!

Жаңадан бастау алған EL jastar» эксперименттік театрға  шығармашылық табыс тілейміз!

Алғыс күні

Құрылған күні: 2019.03.01 16:35:47

Қазақстанда 2016 жылдан бастап атап өтілетін Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтті.  Мемлекет басшысы айтқан идея бойынша, бұл күні Қазақстанды мекендейтін халықтар қазақтардың қонақжайлылығын еске түсіруі тиіс. Бұл мереке қазақтар Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт пен діни наным-сенімдегі адамдардың өмір сүруіне көмектескен кезеңдерге құрмет көрсетуге арналған.

Колледж студенттері – түрлі ұлт өкілдері – әр түрлі тілде оқытушылар мен студенттерді құттықтап, домбыра ойнап, барлық жерде алғыс сөздер айтылды. Құттықтаушылар колледждегі әр кабинетке кіріп, барлықтарына алғыстарын білдірді.

Мереке Қазақстан азаматтарына отансүйгіштік пен бір-біріне деген сыйластықты тәрбиелеуге бағытталған, осы мақсат барлық іс-шара барысында байқалды.

Халықаралық ынтымақтастық

Құрылған күні: 2019.02.28 23:07:25

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында өткен  «Қазақстандағы  білім беруді модернизациялау жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлау»  тақырыбындағы семинар аясында  өнер және мәдениет салалары үшін мамандарды даярлаудағы халықаралық ынтымақтастық  мақсатында Қазақстан Республикасы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мен Ресей Федерациясы П.И.Чайковский атындағы Оңтүстік-Орал мемлекеттік өнер институты жанындағы мәдениет колледжінің арасында ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойылды.

ОӘБ семинары бойынша есеп

Құрылған күні: 2019.02.27 23:15:04

2019 жылғы 27 ақпанда «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» және «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі  болып табылатын Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да «Қазақстандағы  білім беруді модернизациялау жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлау»  тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тәжірибе алмасу, осы тақырыптағы мәселелерді әріптестермен талқылау және ортақ тұжырым жасау  болып табылады.

Іс-шараға «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ өкілдері Марина Олжабаевна Жумабекова, Кымбат Каниевна Адепбаева, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша «Өнер және мәдениет» саласының ТжКБ оқу орындары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері және арнайы пәндер оқытушылары, сонымен қатар РФ СУМӨИ жанындағы Челябинск мәдениет колледжінен келген қонақтар: мәдениет колледжінің директоры Елена Ивановна Хусаинова, режиссер, колледждің арнайы пәндер оқытушысы Вячеслав Владимирович  Шибицкий.

Пленарлық мәжіліс пен оның ашылуы Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайының конференц-залында өтті, бұл бөлімде өзекті мәселелер мен оны шешудің жолдары қарастырылды, екінші бөлімдегі сұхбат алаңы мен семинардың қорытындысы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар жасалды: концертмейстерлік сағаттардың төлеміне ерекше назар аудару; «мәдени ұйымдастырушы» аралық жұмыс біліктілігін енгізу бойынша ұсыныстар жасау; модульдік-құзыреттілік тәсілде журналдар мен сынақ кітапшаларын толтыру мәселелерін қарастыру; біліктілік арттыру курстарын жоспарлау кезінде гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық бағыттағы оқытушыларды бөлу.

Жастар жылы жақсы бастамамен басталды

Құрылған күні: 2019.02.25 12:24:45

2019 жылдың 20 ақпанында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «El jastar» театрының шымылдығы түрілді. Шығарма авторы, бауырлас, түбі бір түркі елі Башқұртстанның танымал жазушысы, Жастар сыйлығының лауреаты Айгиз Баймухаметов. «Тастамашы мені, Ана» повесі желісімен жазылған туындының сахналық нұсқасын жасаған Ангиза Ишбулдинаның «Армандар кемесі» драмасы колледж студенттерінің қатысуымен қойылды. Балалар үйлеріндегі сан түрлі тағдыр иелерінің әлеуметтік өмірін суреттеген қойылым Қазақстанда тұңғыш рет сахналанды. Премьера аншлагпен өтті.

Кеш соңында театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысовалар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.

WorldSkills – 2019 «Сәнді технологиялар» құзыреттілігі бойынша

Құрылған күні: 2019.02.25 07:12:00

Жастардың кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерін арттырып, халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай білікті жұмысшы мамандар даярлау мақсатындаWorldSkills чемпионаты әр жылы, аймақтық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп турады. Біздің колледжіміздің киім дизайнымамандығының білім алушылары жыл сайын байқауға қатысып өз деңгейлерін көрсетіп жүр. 2016 жылы аймақтық WorldSkills чемпионатада 2,3 орын, 2017-2018 жылдары облыстық білім басқармасының сертификатына ие болды.

WorldSkills-2019 аймақтық чемпионатына дайындық  мақсатында  Киім дизайн бөлімінің білім алушылары арасында 30.01.2019 күні «Сән технологиялары» құзыреттілігі бойыншаіріктеу  байқауөткізілді.WorldSkills-2019 колледжішілік чемпионатына 3,4-курс білім алушылары Сержанатқызы А.,Зүлпиәр К., Амренова А., Жакупова А., Ибрагимова Т., Тилеухан А. қатысты. Байқау WSK ережесіне сәйкесэскиздеу, жобалау, тігу модульдері  түрінде орындалды. Қатысушы білім алушыларды даяраған тәлімгер оқытушы – Хавдыразах К. Техникалық сарапшы – Мамбетова Ұ.С.

Байқауды бағалауға дизайн бөлімінің жоғары санатты оқытушылары Құсайынова Қ.М,  Тукеева М.А.,Сейітова Г.Б., Мағзұмов Д. Н. төрешілік етті.
WorldSkills-2019 колледжішілік чемпионатында Ибрагимова Томирис  – 5,9балл,Зүлпиәр Кәмшат – 5,6 балл, Жакупова Айым – 5,3 баллмен алғашқы үш орынды иеленді.

Қатысушылар диплом және сертификаттармен марапатталды.

Бөлісу