Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі жыл сайын төл мерекемізді жоғары деңгейде қарсы алуды әдетке айналдырған. Ұлттық өнер мен ұлттық ойындарды жаңғырта отырып науырыз көжеден дәм татым бір тұтас отбасындай биылғы жылыда жыл мерекесін қарсы алдық. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы атынан баршаңызды әз-Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!