2022 жылғы 15 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жұмыс беруші күні» өтті.
Аталған іс-шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының, жұмыс берушілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жоғары мәдениет колледжінің педагогикалық қызметкерлері және студенттерінің серіктестермен, жұмыс берушілермен («Ақай» сән үйі (Ғ.С.Алдабергенова), «Светлана» ательесі (С.Н.Ехлакова), «Көкше Арнайы киім» ЖШС (Е.Г.Быданова), Ақмола облыстық орыс драма театры (Б.С.Бахтыгереев), Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Ш. Қалдаров), Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы (Н.Е.Шайкенова), «Достар» мәдениет сарайы (Е.А.Ауғанбаева), «Болашақ сарайы» (М.М.Қонқаев), «Дизайн Сити» , жарнама агенттігі, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасы, Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі) кездесуі өтті.
«Жұмыс беруші күнінің» басты мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылау болып табылады. Осыған сәйкес оқу-өндірістік оқыту шеңберінде «Ақай» сән үйінің басшысы Г.С. Алдабергеновамен және «Көкше Арнайы киім» ЖШС басшысы Е. Г. Быдановамен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Кездесу барысында диалог алаңында Мәдениет және өнер саласындағы колледждерде дуальды оқытудың ерекшеліктері мен перспективалары туралы айтылды, кәсіпорындарда педагогтердің тағылымдамадан өту мәселелері, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мен кәсіпорындардың ынтымақтастық стратегиясы мен нысаны мәселелері талқыланды. 4 курс студенттері үшін болашақ мамандар ретінде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б.С. Бахтыгереев пенҮкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының басшысы Н.Е.Шайкенованың тілектері ерекше әсер қалдырды.
Колледж бойынша таныстыру экскурсиясы барысында «Жас маман» жобасы аясында оқу кабинеттері, шығармашылық зертханалар, шеберханалар және «Жаңа өріс» құзыреттілік орталығы көрсетілді.
Іс-шара қонақтары «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы студенттерінің «Creative Skills» шығармашылық және дипломдық жұмыстарының көрмесін, сондай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Д.Н. Мағзұмовтың жеке көрмесін тамашалады.
Жас маманның бірыңғай портретін қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін құру мәселесінде жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастықтың нысандарын іздеу үшін педагог-сарапшы, Еуразиялық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі Қ.М.Кусаинова «Жұмыс берушілер мен студенттердің заманауи маманның кәсіби қырларына көзқарасы» тақырыбы бойынша интерактив, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші Д. С. Ильясова «Табысты өзін-өзі таныстыру формуласы заманауи кәсіби қызмет пен өмірлік табыстың қажетті элементі ретінде» тақырыбында тренинг өткізді.
«Жұмыс беруші күні» соңында мәжіліс залында жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.