Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен VI Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауына барып, бақ сынап қайтты. Астана балет театрының сахнасында біздің қыздар кәсіби мамандармен бірге иық тіресе өнер көрсетіп, мол тәжрибе жинап қайтты. Аталмыш байқауда жақында ғана Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының грантын жеңіп алған 4 курс студенті Амирбеков Рустем Шара Жиенқұлованың шәкірті Гайникамал Нығыметжанқызының арнайы сыйлығымен марапатталды. Батыр майданда шынығады деген аталы сөз бар ғой, студенттерімізге әр байқау үлкен мектеп, асқақ арман және жаңа мақсаттарға жол ашады. Өнерпаз жастарымызға тек жеңіс тілейміз!

 

Бөлісу