Ақмола облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен Ақмола облыстық патриоттық слеті жоғарғы деңгейде өтті. Ақмола облысының әкімі Маржықбаев Ермек Боранбайұлы патриот жастармен кездесіп, ізгі тілегін арнады. Слет соңында әскери шеруге қатысып, жүлделі орын алған колледждер ақшалай сертификаттармен марапатталды. Колледжіміздің «Тұмар» рухани-патриоттық қыздар клубы жүлделі бірінші орын жеңіп алғаны үшін облыс әкімі қолынан 300 мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталып, клуб командирі Бибінұр Қайырбекқызы жастардың атынан облыс әкіміне алғысын білдірді. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы патриот жастарымыз аман болғай. Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің ұжымы баршаңызды 7 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Бөлісу