Жаһандану заманында ғылым мен техниканың дамуы қажет-ақ. Дегенмен дәл қазіргі жағдайда еліміздің ертеңгі болашағы, яғни жас ұрпақ мәселесі дегенде қайғылы жағдайлар жиілеп, қайшылықтар туындауда.
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде әртүрлі тақырыпта көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз интернет» тақырыбына өткен іс-шара. Колледж білім алушылары арасында «Интернет және біз» тақырыбында 26 топта сынып сағаты өтті. Информатика пәнінің оқытушысы Таверхан Ерлан «Пайдалы және қауіпсіз интернет» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Колледж кітапханашылары Хаджымуратова Айман Елюкеновна мен Нұрлыбекқызы Назерке «Интернет орнына кітап» атты бір күндік акция өткізді. Кітапханашылар білім алушыларға кітап оқудың артықшылықтарын атап, кітап адамның ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырумен қатар, жан мен тәннің саулығын жақсартатыны туралы дәлелдер келтірді. Білім алушыларға кітап оқу туралы кеңестер басылған ақпараттық парақшалар таратылды. Кітапхананың оқу залында оқырмандардың назарына белгілі жаушылардың шығармаларын, кәсіптік және әдеби журналдар ұсынылды. Басылымдармен жете танысқан студенттер оқу үшін әдеби көркем шығармалар кітаптарын жаздырып алды. Яғни, акция мақсатына жетті. «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» деген атпен флеш-моб ұйымдастырылып, колледж жастары осы тақырыпқа өз ойларын ерекше білдіре білді. Колледж білім алушылары арасында компьютер мен смартфонда күніне неше сағат отыратындығын анықтау мақсатында колледж психологы Умбетова Айгерім Жасқайратқызы сауалнама жүргізіп, топ жетекшілері өз шәкірттерінің ата-аналарымен үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізді.
Жастар тәрбиесіне өте қажетті және бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып табылатын «Қауіпсіз интернет» тақырыбы колледж білім алушылары арасында осылай кеңінен талқыланды.