2019 жылғы 23 желтоқсанда колледжімізде Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «BALQADISHA» қыздар клубының салтанатты түрде ашылуы өтті.
Іс-шара колледждің 4-курс студенттерінің Ақан серінің Ыбырай ауылына келіп, Балқадишаға сезімін білдірген сәтін бейнелеген театрландырылған қойылымымен басталды.
«BALQADISHA» қыздар клубының ашылу рәсімінің лентасын клубтың төрайымы Айтжан Настайқызы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы қиды. Одан әрі сөз алған кештің құрметті қонағы Киікова Зере Еспайқызы қазақ қызының бойына тән әдеп пен сыпайылық, ибалылық пен инабаттылық қасиеттерді сақтап, тазалық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге шақырды.
Іс-шарада көрермендер колледж айтыскерлері Абзал Жұмабек пен Бағызор Ерболқызының айтысын тамашалады. Гүлғайша Жақсылықтың «Аяулы анам» әні орындалып, «Жарқын» би ансамблінің биімен жалғасын тапты.
Кеш соңында көрермендерге Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай өткізілген «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты жастардың республикалық айтысы жарияланған «Жер шоқтығы» журналы табыс етілді.