2018 жылғы 10 қазанда 1 курс білім алушыларымен АНТ кездесуі өтіп, түсіндірме жұмысы өткізілді. Топ құрамына кірген ЖРО өкілдері «Жастар саясатының мүмкіндіктері» тақырыбында ақпарат берді, «ҚР әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының кейбір нормалары» тақырыбында полицияның учаскелік инспекторы әңгіме өткізді, «Конфессияаралық қатынастарға талдау және дамыту орталығы» өкілдері білім алушыларға декструктивтік жалған діни ағымдардың пайда болу қаупі мен формалары жайлы; Жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы айтып берді. 1-курс білім алушылары қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, кеңестер алды.
Бірінші курстар үшін пайдалы кездесулер
Құрылған күні: 2018.10.10 12:35:11