Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің түлектері соңғы емтихан сессияларын сәтті аяқтады. Артта мамандық бойынша мемлекеттік емтихан қалды. Ал алдарында жаңа қызықты өмір күтіп тұр!
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің бітіруші түлектеріне төмендегі мамандықтар бойынша диплом тапсырылды:
0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемөнер шығармашылығы»;
0402000 «Дизайн (салалар бойынша)».
Колледже өз мамандығы бойынша 71 түлек диплом алып шықты. Олардың ішінде үшеуі үздік диплом иегерлері. Олар: Жанна Кравченко, Дариға Ермұхан және Зарина Ержанова. Жылдағы дәстүр бойынша колледждің мәдени және қоғамдық өміріне белсене қатысқан түлектер құрмет грамоталары және арнайы дипломдармен марапатталды.
Колледж директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы бітіруші түлектерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға дипломдарын табыс етті. Өзінің құттықтау сөзінде бітірушілерге алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсулеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар кәсіби маман ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие болатындарына сенім білдірді.
Колледж түлектері төмендегідей біліктілік бойынша білім алып шықты:
0403013-1 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» (оқыту орыс тілінде) – 17 адам;
0403013 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам;
0403013-5 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері» (оқыту орыс тілінде) – 13 адам;
0403013-7 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» (оқыту мемлекеттік тілде) – 13 адам;
0402013-1«Интерьер дизайны» (оқыту мемлекеттік тілде) – 14 адам.
Диплом алу – кешегі студент өміріндегі ең елеулі сәттердің бірі. Себебі бұл ерекше күнге олар жылдар бойғы талмай оқу мен үздіксіз еңбектенудің арқасында жетті. Олай болса кешегі студент – бүгінгі түлек, яғни болашақ өз ісінің кәсіби маманы.
Түлектермен қоштасу көңілге қимастық сезімін ұялатады, себебі олар колледждің үлкен жанұясының бір бөлшегіне айналып кеткен еді.
Ақ жол, түлектер демекпіз!