Дарынды студенттердің қабілеттері мен мүдделерін анықтаудың, дамытудың жақсы құралы олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарын өткізу болып табылады.
Сонымен, 9 желтоқсанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі базасында математика, химия және биология пәндерінен пәндік олимпиада өтті. Негізгі міндет – қабілетті студенттерді анықтау және іріктеу, сондай-ақ жекелеген пәндерді бейіндеу және тереңдетіп зерттеу, олардың қабілеттерін жүзеге асыру, осы ғылымдарды оқуға деген ынтасын арттыру.
Колледжде бар барлық мамандықтардың 1 курс үздік студенттері қатысты. Олимпиада жұмыстарын колледждің сараптамалық комиссиясы тексерді. Сарапшылар объективті, ашық жұмыс істеді, олимпиада өткізілген күні осы пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық пәндер бойынша орындар тапсырманың орындалу пайызына, яғни максималды ұпайлармен арақатынасқа байланысты бөлінді. I, II, III орындарды олимпиада тапсырмаларын 80% және одан да көп орындаған студенттер иеленді.
Олимпиада қорытындысы бойынша математикадан 1 орынды Асмира Әубәкірова – «Драма театр әртісі» біліктілігі, 2 орынды Аружан Жұманалинова – «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі, 3 орынды Валерия Скутина – «Интерьер дизайнері» біліктілігі иеленді. Химия пәні бойынша Нұрахметова Зере – «Киім дизайнері» біліктілігі 1 орын, Анастасия Шефер – «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі 2 орын, Хакім Ақнұр – «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі 3 орын иеленіп, тамаша білімдерін көрсетті. Келесі білім алушылар биология саласындағы білімдерімен ерекшеленді: 1 орын – Салимова Камила – «Интерьер дизайнері» біліктілігі , 2 орын Саакян Милана – «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері» біліктілгі, 3 орын Мұстафина Эльнара – «Интерьер дизайнер» біліктілігі.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.