2023 жылғы 2 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында «lessonstady педагогтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы ретінде» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – колледж педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Арнайы және жалпы білім беру пәндерінің педагогтары, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі, барлық пәндік комиссиялардың төрағалары қатысты.

Семинар онлайн және офлайн режимде өтті.

Жетекші дәріскерлер ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Сағындықова Гүлдана Мырзабекқызы сөз сөйледі. Щучинск жоғары педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Хасанова Гүлнара Мейрамқызы «lessonstadu педагогтардың өзара іс-қимыл тетігі ретінде: жоғары педагогикалық колледждің жұмыс тәжірибесінен» тақырыбы бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Сабақты зерттеу –  жұмыс тобы мүшесінің рефлексиясы» тақырыбы бойынша колледж тарихының оқытушысы Раушан Қайруллинқызы Бекмағамбетова сөз сөйледі. Осы колледждің жас педагогы, дене шынықтыру оқытушысы Мәди Қанатұлы Жомартов «Дене шынықтыру сабақтарын зерттеу:  жас педагогтың тәжірибесі» тақырыбы бойынша өз жұмысының тәжірибесі туралы хабардар етті.

Әдістемелік семинар отырысының қорытындысы бойынша осы тақырыптың теориялық және практикалық негіздері бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

Бөлісу