2022 жылдың 18 наурызы күнi Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейiнде әз-Наурыз мерекесi қарсаңында, Көкшетау қаласыдағы ЖОО мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары студенттерi арасында “Наурыз нақыштары” атты жас суретшiлер байқауының қорытындысы болып өттi.
Байқаудың мақсаты ұлыстың ұлы күнi әз-Наурыз мерекесiн лайықты деңгейде атап өту; ұлттық нақышта бедерленген көркемсурет туындылары арқылы көпшiлiктiң ұлттық рухын ояту, қазақ халқының мәдениетi турасында мол мағлұматтар меңгерту; суретшi жастардың арасында байқау ұйымдастыра отырып, жас буынның шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру; туындыларын көпшiлiк назарына ұсынып, қылқалам шеберлерiне қанат бiтiру, өнердiң өрелi жолына нық сенiммен қадам басуға шақыру болып табылды.
Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дiң «Бейнелеу өнерi, сызу және дизайн» кафедрасы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, Ақан серi атындағы жоғары мәденет колледжiнің суретшi студенттерi жұмыстарын ұсынды.
Жас суретшiлердiң жұмысына Ақмола облыстық суретшiлер одағының төрағасы Юрий Попов пен суретшi Ақмарал Сәрсенбаева, музей директоры Нұрбек Нұралы төрелiк жасады.
Қазылар алқасының шешiмi бойынша жүлделi орындарды колледжіміздің студенттері иеленді. ІІІ орын Ғалымжан Айшолпан (2-КД) мен Әлия Сейтқалиеваға (3-КД) бұйырды. ІІ орынды Жексенбай Қасиет (3-ИД) иеленсе, I орынды Абай Ажар (4-КД) еншіледі.
Iс-шара барасында әуелетiп ән орындалып, қазылар алқасы сайысқа қатысушы жас суретшiлерге шығармашылық табыс тіледі. Байқауға жұмыстарын ұсынған студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.