2019 жылғы 27 ақпанда «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» және «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі болып табылатын Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да «Қазақстандағы білім беруді модернизациялау жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлау» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тәжірибе алмасу, осы тақырыптағы мәселелерді әріптестермен талқылау және ортақ тұжырым жасау болып табылады.
Іс-шараға «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ өкілдері Марина Олжабаевна Жумабекова, Кымбат Каниевна Адепбаева, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша «Өнер және мәдениет» саласының ТжКБ оқу орындары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері және арнайы пәндер оқытушылары, сонымен қатар РФ СУМӨИ жанындағы Челябинск мәдениет колледжінен келген қонақтар: мәдениет колледжінің директоры Елена Ивановна Хусаинова, режиссер, колледждің арнайы пәндер оқытушысы Вячеслав Владимирович Шибицкий.
Пленарлық мәжіліс пен оның ашылуы Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайының конференц-залында өтті, бұл бөлімде өзекті мәселелер мен оны шешудің жолдары қарастырылды, екінші бөлімдегі сұхбат алаңы мен семинардың қорытындысы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар жасалды: концертмейстерлік сағаттардың төлеміне ерекше назар аудару; «мәдени ұйымдастырушы» аралық жұмыс біліктілігін енгізу бойынша ұсыныстар жасау; модульдік-құзыреттілік тәсілде журналдар мен сынақ кітапшаларын толтыру мәселелерін қарастыру; біліктілік арттыру курстарын жоспарлау кезінде гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық бағыттағы оқытушыларды бөлу.