Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде бүкіл әлем педагогтарды құттықтайды! Ақмола облысының педагогикалық саласының өкілдерін 3 қазан күні “Көкшетау” мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаевтың қатысуымен құттықтады. Осы іс-шараны дайындау мен өткізуге басқа колледждермен қатар, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі да өз үлесін қосты. Мерекелік концерт бағдарламасы, соның ішінде пролог пен финалды колледж оқытушысы, режиссер Г. Л. Кочетова дайындады, прологты дайындауға хореографтар А.И.Погорелый, Н. Б. Ибраева, Ж. М. Камидулина қатысты. Сондай-ақ, концертке біздің колледжден Б.Даулетжанова жетекшілік еткен шығармашылық топ қатысып, «Сыған серенадасын» керемет орындап берді; ТҰЖ және ДТА тобының білім алушылары «Ұстазым» әнін, «Жарқын» халықтық ансамблі «Гюзель» және «Мадридтегі кеш» билерін орындады, «Амигос» ВАА «Jeveux» композициясымен тамсандырса, «Дизайн» біліктілігінің білім алушылары «Биеннале» пластикалық композициясымен таң қалдырды. Ал 4 ККҰ тобы «Лететь» заманауи әуенін орындады.
Барлық іс-шараның атмосферасы жылулыққа, сүйіспеншілікке еніп, педагогтарға зор құрмет көрсетілді.