Қаңтардың 18-і күні «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-да «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнер шығармашылығы» мамандығының 4 курс  білім алушылары арасында сахна тілі пәнінен ҚР мәдениет қайраткері А.Настаеваның жетекшілігімен  директорлық бақылау кесіндісі өтті. Бақылау кесіндісінде студенттер  қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларынан үзінділер оқыды.

І бөлімде ақындардың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыса, ІІ бөлімде прозалық шығармалардан үзінділер оқыды. Поэзиялық бөлімде Ж.Хайымхан А.Табарактың «Сіз жоқсыз», А.Нұрланқызы М.Мақатаевтың «Сен бе едің?», А.Нұрбек Қ.Сариннің «Сезім», Х.Куйшыбаева Қ.Аманжоловтың «Қайдасың?», А.Сайлаухан Е.Ырзайдың «Сағыныш», А.Жуанышбай С.Жылқыбайдың «Сен мені сүйдің» өлеңдерін оқып, жоғары бағаға ие болды. Ал проза бөлімінде Б.Базарбек Ғ.Мүсіреповтің «Көздің монологы», А.Әлжан Е.Шайхыұлының «Жат ағаның монологы», А.Ердауке М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», А.Иманахметова Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана», А.Қалиев Н.Гогольдің «Осиптің монологы», А.Нурбек Н.Гогольдің «Хлестоковтың монологы», А.Нұрланқызы К.Гальдонидың «Қонақ үйдің қожасы» шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендер көңілінен шыға білді. Білім алушылар шығармалардан үзінді оқып қана қоймай, оны жан дүниесімен түсініп, актерлық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар оқыған  шығармаларын бүгінгі заманға сай ұтымды ұштастырды. Сахнада  сөйлеу аппаратының тазалығы, демді қалыптастыруы, дауыс кеңдігі ескеріліп, дауыс ырғағы мен мүмкіндіктері көрсетілді.

Бөлісу