Осы аптада Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК оқытушылары арасында «Үздік педагог-2021» колледжішілік қашықтық байқауы аяқталды.

Колледж оқытушылары өз портфолиосын, бейнесабақтар мен презентациялар көрсетілімін  шығармашылықпен дайындап, ұсынды.

«Үздік педагог 2021»  байқауында  1 орынды дизайн пәндері оқытушысы  Ұлболсын Сағындыққызы Мамбетова иеленсе, байқаудың Бас жүлдесін демалыстану пәндерінің оқытушысы Дмитрий Владимирович Бронников жеңіп алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға өз әріптестерімен тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да  табыстар тілейміз!

Бөлісу