2021 жылдың 26 мамыры күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі үшін тағы да бір маңызды іс-шара болып өтті.
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры мен Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі салтанатты түрде Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында екі тарап директорлары А.М. Маемировтың, Қ.Ғ. Идрисованың, колледж оқытушысы Қ.Н. Насыровтың және театр ұжымының қатысуымен өтті.
Меморандум негізгі мақсаты қазіргі заманғы әлеуметтік-жауапты тұлғаны қалыптастыру және мәдениет сегментінің болашақ мамандарының креативті қасиеттерін дамыту, оқытушылар мен студенттер үшін білім беру сапасын ынталандыру жүйесін құру, колледж студенттерінің белсенді қатысуымен спектакльдер қоюға және өткізуге кәсіби шығармашылық тұрғыдан ықпал ету. Әлеуметтік әріптестікті дамыту мен практикалық оқыту технологияларын жетілдіру барысында «Драма театрының актері» мен «Театр ұжымын ұйымдастырушы» біліктіліктерінің орта буын мамандарын даярлауға және оларды өндірістік практикадан өткізуге жаңаша жағдай жасалады.
Екі тарап ортақ жұмысқа, жобаларды іске асыруға өзара сенім білдірді.