«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес «Жас педагог мектебінің» отырысы өтті. 2022-2023 оқу жылында колледжде хореографиялық пәндер мен режиссура бойынша 4 жас педагог жұмысқа қабылданды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқытушыларға теориялық білімді жетілдіру және педагогикалық шеберлікті арттыру мәселелерінде практикалық көмек көрсету, жаңа бастаған мамандардың оқу үрдісіне қажеттілігін анықтау және әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиісті нысанын таңдау.

Дизайн пәндері оқытушысы, педагог-сарапшы Қ.М. Құсайынова өткізген   «Өзара әрекеттесу өнері» тақырыбындағы  Арт – терапия, колледж психологы  М.К. Құдайбергенова өткізген  «Мен заманауи педагогпын» тақырыбындағы  психологиялық тренинг  қызықты  өтті.

Дизайн пәндері оқытушысы, облыстық және республикалық бейнесабақтар байқауының жүлделі орын иегері  М.А.Тукеева, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Кушпаева, колледж әдіскері С.И.Ильясова «Мотивация педагогтың шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті элементі ретінде», «Кәсіби қызмет алгоритмі», «Заманауи білім беру технологиялары» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Қорытынды шығару кезінде рефлексия және жеке сауалнама жүргізілді.

Бөлісу