2022 жылғы 25 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жобаларды басқарудың тиімділігі» тақырыбында жобалық басқаруды енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: «Жас маман» жобасының мазмұнын ескере отырып, білім алушыларлы колледждегі жобалық қызметке тартудың оңтайлы моделін анықтау арқылы, колледждің стратегиялық дамуына оң әсерін тигізетін мүмкіндіктерді қолдану. Кездесуге пәндік комиссиялардың төрайымдары, оқытушылар, 3 курс студенттері қатысты.

Жобалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша жаттықтырушы, жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Ильясова Динара Серікқызы және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің «Бизнес және қызметтер» кафедрасының лекторы, экономика магистрі Көшекбаев Нұрболат Мырзағалиұлы сөз сөйледі.

Бұл іс-шара барысында теория мен практиканың тікелей байланысы қарастырылып, кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша тренинг өткізілді.

Кездесу соңында пікір алмасу өткізілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар тыңдалды.

Қатысушылар пікірін ескере отырып, одан әрі тақырып бойынша жұмысты жалғастыру үшін ұсыныстар әзірленді.

 

Бөлісу