jjjjjjjjjjj

Ғылым әлемін аша отыра…

Құрылған күні: 2021.04.28 10:30:31

2021 жылдың 14 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы университеттің дәстүрлі Ғылым апталығы аясында  Ш.Уәлиханов атындағы университет жанындағы көпсалалы колледжде  Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерінің   «Ғылым әлемін аша отыра…»  атты II облыстық ғылыми-зерттеу жобаларының онлайн-байқауы өтті.

Байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары Менкебай Әйгерім мен Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей қатысты. Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей 1 орынға  ие болды.  Жоба жетекшісі Алмагүл Қанатқызы Қажымұратова.

“Ұлы даланың жеті қыры”

Құрылған күні: 2021.04.28 10:28:54

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы, “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын қолдау, жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби толыққанды дамуы мақсатында, Алматы қаласы “Talantty Jastar” продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Қош келдің, Көктем” атты Республикалық өнер-білім байқауының жеңімпазы атанған – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Педагог – мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі” біліктілігінің 3 курс студенті Сагнаева Дана!

“Бірге -таза Қазақстан”

Құрылған күні: 2021.04.24 15:00:41

Бүгін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттері “Бірге -таза Қазақстан” экологиялық ақциясына қатысып, қаламызды қоқыстан тазалады.

#birgetazagazagstan#

Құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2021.04.26 15:43:50

Осы аптада Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК оқытушылары арасында «Үздік педагог-2021» колледжішілік қашықтық байқауы аяқталды.

Колледж оқытушылары өз портфолиосын, бейнесабақтар мен презентациялар көрсетілімін  шығармашылықпен дайындап, ұсынды.

«Үздік педагог 2021»  байқауында  1 орынды дизайн пәндері оқытушысы  Ұлболсын Сағындыққызы Мамбетова иеленсе, байқаудың Бас жүлдесін демалыстану пәндерінің оқытушысы Дмитрий Владимирович Бронников жеңіп алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға өз әріптестерімен тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да  табыстар тілейміз!

«Жас маман» жобасы аясындағы алғашқы жабдық

Құрылған күні: 2021.04.14 16:56:01

2021 жылғы  07-08 сәуірде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдық – бұрғылау-қондыру станогын пайдалану бойынша оқыту өтті.  Станокпен жұмыс жасауды оқыту мектебін бірінші болып  «Дизайн (бейін бойынша)» біліктілігінің арнайы пәндерінің оқытушылары мен колледж қызметкерлері өтті. Бұл станок «Интерьерді функционалды кеңістіктік ұйымдастыру» кабинетіндегі  жинақтаушы жабдық болып табылады.

«Жас маман» мемлекеттік жобасын іске асыру бойынша алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз.

JastarAntikor

Құрылған күні: 2021.04.12 15:18:35

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары  «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»  челленджіне қатысты.

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»

«Болашақ-жас ұрпақтың қолында!»

JastarAntikor

VI өңірлік WORLDSKILLS конкурсының екінші күні

Құрылған күні: 2021.04.08 16:05:31

7 сәуір WorldSkills конкурсына қатысушылар үшін «Флористика» және «Интерьер дизайны»  құзыреттілік модульдері бойынша ақтық күн болды.

Байқауға  қатысушыларды WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері, «Talap» КЕАҚ  өкілі  Әтіргүл Алғатайқызы және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бас маманы Сәуле Сәлімжанқызы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Интерьер дизайны»  құзыреттілігі  бойынша байқауға қатысушылар ағаш бөлшектерден жасалған сәндік панно құрастырды және интерьерлік кеңістікті безендірді.

Байқауға қатысушыларға жаңа шығармашылық идеялар мен олардың жүзеге асуын тілейміз !

VI өңірлік WORLDSKILLSAQMOLA 2021 конкурсының бірінші күні басталды

Құрылған күні: 2021.04.07 16:19:11

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының жастары мен студенттері арасында өткен VI өңірлік WorldSkillsAqmola 2021 кәсіби шеберлік байқауының алғашқы күні ұзақ уақыт есте қалады, ол 6 сәуірде «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында «Флористика» және «Интерьер дизайны» кәсіби құзыреттіліктері бойынша басталды. Колледж бойынша қызықты экскурсиядан алғашқы ұмытылмас күннің таңы басталды. Ашылу салтанатынан кейін байқаудың барлық қатысушылары үлкен құлшыныспен екі құзыреттілік бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті.

«Флористика» құзыреттілігінде қатысушылар спиральды техникада гүл шоқтарын ұсынды. Бұл байқаудың міндеті оның қатысушылары эстетикалық және практикалық дағдыларды сақтай отырып, инновациялық және шығармашылық тәсілдерді арқылы, спираль бойынша букет жасау дағдыларын көрсету болды.

«Интерьер дизайны» құзіреттілігінің  қатысушылары  белгілі бір стильде эскиздер әзірледі. Интерьердегі жұмыс бөлменің ішкі безендірілуінен және ағаш бөліктерден сәндік панельді жобалаудан, эскизге сәйкес қабырға беттерін қоршау үшін ұсынылған материалдармен кәсіби жабудан тұрды.

         Қатысушылар үлкен қызығушылықпен және ынта-жігермен жоғарыда аталған екі құзыреттілік бойынша әртүрлі материалдардан жасалған өздерінің орындаған жұмыстарын ұсынды.

Барлық қатысушыларға табыс пен шабыт тілейміз.

Бөлісу