Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  кітапханашысы  Салтанат Жақсылыққызы Смакова 2021 жылғы 23-24 сәуірде  Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Түркістан жоғары   көпсалалы, қол өнер колледжі  базасында  «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбында өткізілген республикалық семинарға қатысып, «Кітапханалық маркетинг» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар қорытындысы бойынша  Салтанат Жақсылыққызына сертификат  табысталып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бөлісу