jjjjjjjjjjj

Мамандыққа деген сүйіспеншілік алғашқы қадамдардан басталады

Құрылған күні: 2021.01.26 12:11:40

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» мамандығының З курс студенті Дана Сағынаева үздіктердің бірі. Жауапты, белсенді, мақсатшыл, бос уақытында балалар хореографиялық үйірмесінде сабақ жүргізеді және қазірдің өзінде мамандыққа алғашқы сенімді қадамдар жасауда.

Балалардың таланттарын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Ғажайып жаңа жыл!»  концерт-фестиваліне  белсенді қатысқаны үшін Дана кубокпен, дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.

 

ADT-TIMES

Құрылған күні: 2021.01.25 12:08:07

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Драма театрының әртісі» біліктілігі «ADT-TIMES»  бағдарламасын көруге шақырады .  № 4 шығарылым.  Барлығыңызға жағымды көрініс тілейміз!

«Өнер – менің болашағым»

Құрылған күні: 2021.01.20 16:56:58

2021 жылғы  20 қаңтарда  Ақан сері атындағы атындағы жоғары мәдениет колледжінде, Атбасар және Бурабай аудандарының мектептерімен  «Өнер – менің болашағым»  ұранымен zoom – конференциясы  өтті.   Конференция барысында  қатысушылар колледжбен және оның жетістіктерімен танысып, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы білді, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Конференцияға «Бурабай ауданы білім бөлімінің  Досов атындағы орта мектебі» ММ,  «Атбасар ауданы білім бөлімінің Бейсхазрет негізгі мектебі»  КММ,  «Бурабай ауданы білім бөлімінің Веденовка орта мектебі» ММ мұғалімдері  мен болашақ түлектері қатысты.

Біздің жетістіктер!

Құрылған күні: 2020.12.31 10:04:03

2020 жылғы 21-24 желтоқсан аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің студенттері арасында секіртпеден секіру бойынша облыстық онлайн турнир өткен болатын. Сол турнирде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Интерьер дизайны” біліктілігінің 2 курс студенті Петухова Алина белсене қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.

Құттықтау

Құрылған күні: 2020.12.30 17:33:14

Жаңа жыл қарсаңында жылдар бойы жемісті ынтымақтастық жүргізіп келе жатқан әлеуметтік серіктестерден құттықтаулар қабылдап жатырмыз.

Құрметті Бейбіт Салаватұлы және Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі құтықтауларыңыз  үшін алғыс білдіреді.

Сіздерді  келе жатқан 2021 жылмен құттықтаймыз! Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен барлық жоспарлардың орындалуы үшін  тамаша уақыт! Сондықтан,   Жаңа жылда барлығы ойдағыдай орындалатын болсын!

Парасатты қоғам

Құрылған күні: 2020.12.29 17:51:22

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс  ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері»  біліктілігінің білім алушылары  Ақмола облысының колледждері арасында өткен «Парасатты қоғам» бейнебайқауына қатысып 2 орынға ие болды. Байқауды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ұйымдастырды.

Осы байқаудың негізгі міндеттері:

– Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты танымал ету;

-қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу проблемасына назар аудару;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды. «Саналы ұрпақ »клубына алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Бөлісу