Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» мамандығының З курс студенті Дана Сағынаева үздіктердің бірі. Жауапты, белсенді, мақсатшыл, бос уақытында балалар хореографиялық үйірмесінде сабақ жүргізеді және қазірдің өзінде мамандыққа алғашқы сенімді қадамдар жасауда.

Балалардың таланттарын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Ғажайып жаңа жыл!»  концерт-фестиваліне  белсенді қатысқаны үшін Дана кубокпен, дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.

 

Бөлісу