jjjjjjjjjjj

Переход на онлайн обучение

Құрылған күні: 2020.03.14 13:15:58

В целях обеспечения сохранности жизни и здоровья обучающихся и воспитанников, педагогов, других работников организаций образования,  а также для предупреждения распространения коронавирусной инфекции COVID-19 в период пандемии, объявленной Всемирной организацей здравоохранения, на основании приказа N 108 МОН РК от 14.03.2020 года ” Об усилении мер по недопущению распространения коронавирусной инфекции COVID-19 в организациях образования, организациях для детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей, на период пандемии” Высший колледж культуры им.Акана серэ переходит на онлайн-обучение. Актуальный График учебного процесса и Расписание учебных занятий находятся на сайте колледжа kkas.kz во вкладке “Студенту”.

Еріктілер слеті

Құрылған күні: 2020.03.11 17:06:23

2020 жылғы 4-6 наурыз аралығында «Звездный» БСО базасында ТжКБ ұйымдарының еріктілер отрядтарының «Еріктілер мектебі» слеті ұйымдастырылып, оған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаншуақ» еріктілер клубы қатысты. Слет өте белсенді, жағымды және танымды өтті: іс-шаралар, презентациялар, ойындар, тренингтер өткізілді. «Жаншуақ» клубының мүшелері колледждің намысын қорғап, еріктілер клубының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар слет аясында оқыту платформалары ұйымдастырылды, онда балалар республиканың басқа облыстарынан келген еріктілермен кездесті. Қонақтар қатарында Ресей Федерациясының тренері, клиникалық психолог және қатты науқас болған балаларға арналған оңалту бағдарламаларының директоры Сотников Владислав болды, ол еріктілер қозғалысы туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру арқылы, еріктілер бағытының дұрыстығын растады.

Еріктілер ауруханада

Құрылған күні: 2020.03.06 19:15:15

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаншуақ» волонтерлік қозғалысы 2020 жылғы 4 наурызда көп салалы облыстық аурухананың онкоқызметі бөлімшесінде мекеме қызметкерлері және оңалтудан өтетін емделушілер үшін Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған «Мен бармын және боламын» атты концерттік бағдарламаға қатысты. Концерттік бағдарлама көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.

Еl jastar

Құрылған күні: 2020.03.05 19:23:50

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жанынан құрылған «Еl jastar» театры 2020 жылғы 20 ақпанда Жанайдар Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі сахнасында “Жастықтың оты қайдасың?” перформанс бағытындағы қойылымды студенттеріне ұсынды. Қойылымды колледж студенттері жылы қабылдап, спектакль соңында колледж директоры Нұртас Ахатұлы жас ұжымға батасын беріп, алғысын білдірді.

Абай ақылшым

Құрылған күні: 2020.03.03 19:04:30

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай ақылшым» атты оқырман конференциясы өтті. Абайдың қара сөздері, афоризмдері айтылып, өлеңдері оқылды, әні шырқалды. Қалың оқырманға ойы ұшқыр, рухани азық болатын тақырыпта баяндамалар талқыланды. Колледж студенттеріне Абай афоризмдерінің мағынасы жайлы сұрақ қойылып, жауап алынып, бейнеролик ретінде көрермендерге көрсетілді. Конференция соңында кітап көрмесіне шолу өткізілді. Ақын, философ Ерболат Баятұлы қорытынды ойын ортаға салып, жастарға үлгі боларлық әңгіме айтты.

«Масленица»

Құрылған күні: 2020.03.01 19:17:50

1 наурыз күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаншуақ» волонтерлік қозғалысы («Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдар режиссері» біліктілігінің 1 және 2 курс білім алушылары) «Қоғамдық келісім» КММ алаңында өткен «Масленица» іс-шарасына қатысты. Білім алушылар қонақтармен хоровод жүргізді, балалармен ұлттық ойындар ойнады, арқан тарту кезінде «күшпен күрес» ұсынды, «Жастықтармен күрес», зияткерлік викторина, әзіл айту және т.б. ұйымдастырылды. Мереке өте көңілді өтті!

Бөлісу