2020 жылғы 4-6 наурыз аралығында «Звездный» БСО базасында ТжКБ ұйымдарының еріктілер отрядтарының «Еріктілер мектебі» слеті ұйымдастырылып, оған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаншуақ» еріктілер клубы қатысты. Слет өте белсенді, жағымды және танымды өтті: іс-шаралар, презентациялар, ойындар, тренингтер өткізілді. «Жаншуақ» клубының мүшелері колледждің намысын қорғап, еріктілер клубының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар слет аясында оқыту платформалары ұйымдастырылды, онда балалар республиканың басқа облыстарынан келген еріктілермен кездесті. Қонақтар қатарында Ресей Федерациясының тренері, клиникалық психолог және қатты науқас болған балаларға арналған оңалту бағдарламаларының директоры Сотников Владислав болды, ол еріктілер қозғалысы туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру арқылы, еріктілер бағытының дұрыстығын растады.

Бөлісу