jjjjjjjjjjj

«Әлеуметтік серіктестермен тиімді өзара іс-қимыл-болашақ мамандарды даярлауды сапалы оқытудың нәтижесі»

Құрылған күні: 2023.05.06 11:33:13

2023 жылғы 4 мамырда Степногорск қаласының Жоғары колледжі базасында «Әлеуметтік әріптестермен тиімді өзара іс-қимыл – болашақ мамандарды даярлаудың сапалы оқыту нәтижесі» тақырыбында шығармашылық бағыт пен қызмет көрсету саласының әдістемелік бірлестіктерінің облыстық әдістемелік семинар-практикумы өтті.

Семинарға Ақмола облысы колледждерінің әдіскерлері мен оқытушылары қатысты.

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Бұл семинардың өзектілігі – қазіргі уақытта білім беру жүйесінің әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылының негізгі құралының өндірістегі оқу практикасы болып табылатынанда. Өндірістік тәжірибелер арқылы студенттердің көпшілігінде алғашқы кәсіби еңбек тәжірибесі қалыптасады, бұл кәсіби білім беру ұйымының түлегін сәтті жұмысқа орналастыру мәселесінде өте маңызды. Сонымен қатар, өзара іс-қимылдың және беделді арттырудың жаңа нысандары ретінде қарастырылатын кәсіби жарыстар барған сайын маңызды бола түсуде.

Семинарды өткізудің мақсаты: дарынды білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру; әлеуметтік әріптестікті дамыту ерекшелігін талдау.

Семинардың пленарлық бөлімінің жұмысын басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы – Тюрющева Галина Александровна ашты. Ол өз баяндамасында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылдың өзекті жолдарын көрсетті.

Шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің секциясын Ілиясова Сәуле Ибраеваның басқаруымен Көкшетау қаласының музыка колледжінің, Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінің, Степногорск қаласының жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары ұсынды.

Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. «Инклюзивті білім беру сабақтарын өткізу болашақ педагогтарды табысты даярлаудың маңызды факторы»;
  2. «Дарынды студентті тәрбиелеудегі педагогтың рөлі»;
  3. «Жетіген сыныбы бойынша дарынды оқушылармен жұмыс»;
  4. «Білім алушылармен модельдеу және құрастыру сабақтарында кәсіби дағдыларды қалыптастыру»;
  5. «Пенитенциарлық жүйеде, өндірістік оқыту сабақтарында оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану»;
  6. «Сабақтан тыс уақытта дарынды студенттермен жұмыстың белсенді түрі ретінде сынып шеберліктерін өткізу»;
  7. «WorldSkills стандарттарын «Визуалды мерчендайзинг(витринистика)» құзыреті бойынша білім беру үрдісіне енгізу және студенттерді чемпионаттарға жеке дайындау».

Бірінші сұрақ бойынша Степногорск қаласының жоғары колледжінің «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Ерещенко Надежда Владимировна сөз сөйледі .

Надежда Владимировна өз сөзінде педагог-ұйымдастырушыларды даярлау үшін «Инклюзивті білім беру негіздері» пәнін оқытуда қолданатын жұмыс түрлері мен әдістері туралы айтты. Сондай-ақ, Степногорск қаласының жоғары колледжінің Степногорск қаласының мамандандырылған мектеп-интернатымен тығыз ынтымақтастығы бар екенін білу қызықты болды, онда студенттер өндірістік практикадан өтеді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бос уақытты ұйымдастырумен айналысады.

Екінші сұрақ бойынша Көкшетау қ., Біржан сал атындағы музыка колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Серикова Юлия Викторовна дарынды тұлғаны тәрбиелеу мәселесіне көптеген факторлар мен жағдайлар қатысатынын атап өтті. Бұл үрдістің маңызды компоненттері – ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы, баласын қолдауға дайын болуы.

Үшінші сұрақ бойынша Біржан сал атындағы музыка колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мукушова Жұлдыз Маратқызы «Жетіген аспабы» арнайы пәнін оқыту кезінде инновациялық технологиялардан қандай элементтерді қолданатынын айтып берді .

Төртінші сұрақ бойынша Степногорск қаласының жоғары колледжінің «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Ковалик Надежда Валентиновна сөз сөйледі.  Надежда Валентиновна оқу үрдісінде білім алушылардың ойлауын, олардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін оқыту әдістерін қолданудың маңыздылығын атап өтті. Ол үшін оқытушы жұптар мен топтарда оқытуды белсенді жүргізеді.

Бесінші сұрақ бойынша Красный Яр ауылы, көпсалалы инновациялық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Есмағұлова Индира Қаратайқызы сөз сөйледі.  Индира Қаратайқызы  кәсіптік оқыту жүйесінде тиімді болып табылатын оқу үрдісінде жобалық әдісті қолдану туралы айтып берді.

Бесінші және алтыншы сұрақтар бойынша Степногорск қаласының жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары сөз сөйледі: Габченко Виктория Анатольевна және жас оқытушы  Хлыбова Гульдаста Абдувакилевна қатысушылардың назарына «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығы бойынша білім алушылармен  өздерінің сабақта және сабақтан тыс жұмыстарының шығармашылық жобаларын ұсына отырып, үйлесімді, жұмыс дуэтін көрсетті.

Колледждің жетекші оқытушысы Габченко Виктория Анатольевна колледждің білім беру үрдісіне «Визуалды мерчендайзинг (витринистика)» құзыреттілігі бойынша WorldSkills стандарттарын енгізу және колледжішілік, өңірлік және Ұлттық чемпионаттарға қатысу үшін студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Виктория Анатольевнаның жетекшілігімен студенттер барлық WorldSkills чемпионаттарына белсенді қатысуға тырысады, ал оның шәкірті Антонова (Шевченко) Татьяна 2018 жылы «Визуалды мерчендайзинг (витринистика) құзіреттілігі бойынша бірінші алтын медальді иеленді.

Хлыбова Гульдаста Абдувакилевна дарынды студенттермен сабақтан тыс уақытта белсенді жұмыс жүргізеді. Ол суреттерді акрилмен және эпоксидті шайырмен құю бойынша көрсеткен шеберлік сыныбы ерекше болды.

Семинар-практикум соңында ұсыныстар әзірленді, ал барлық сөз сөйлеушілерге әріптестеріне ұсынылған баға жетпес тәжірибе үшін алғыс айтылды.

Бүгін 28 сәуір күні аймақтық World skills чемпионатының жабылу салтанаты өтті

Құрылған күні: 2023.04.28 18:49:20

Бүгін 28 сәуір күні аймақтық World skills чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Киім дизайны” және “Интерьер дизайны” мамандықтарының білім алушылары “Сән технологиясы” –
Ғалымжан Айшолпан, (жетекшісі Мухаева З.С.), “Сәнді киім және аксессуарлар дизайны” – Есет Еркежан (жетекшісі Мамбетова У.С.), “Графикалық дизайн” – Жексенбай Қасиет (жетекшісі Серік Ә.) және “Флористика” -Лихалетова Екатерина (жетекшісі Құсайынова Қ.М.) құзыреттіліктер бойынша 1-орын иегерлері марапатталды. Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта одан да зор белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Қазақстан Республикасының XIV ұлттық жастар дельфий ойындары

Құрылған күні: 2023.05.02 23:44:40

Дельфий ойындары — классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс түрі . Бұл жарыс ең алдымен жастардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі. Дельфийлік ойынның тарихы біздің эрамызға дейін, Овидия және Плутарха заманында басталған. Қазіргі «Дельфийлік ойындары» жобасының негізгі мақсаты: — Қазақстанның дарынды талантты жастарын қолдау таныту. Аталмыш байқауға колледжіміздің дарынды студенттері белсенді қатысып бақ сынауды әдетке айналдырған.
Қазақстан Республикасының XIV ұлттық жастар дельфий ойындарының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысып театр өнері (14-21 жас) номинациясы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі стдуденттері жүлделі бірінші орын жеңіп алды жетекшілері ҚР Мәдениет қайраткерлері Айтжан Настайқызы мен Жанар Кусайнова. Лев Толстойдың «Адамға қанша жер керек» повесті бойынша «Театр ұжымының жетекшісі режиссер» біліктілігінің төртінші курс студенті Комис Олжастың режиссерлігімен сахналанаған қойылым, бұйырса республикалық кезеңде бақ сынайды. Жас сахнагерлерімізге сәттілік тілейміз.

 

Ақаннан әуелеген әсем ән

Құрылған күні: 2023.04.20 23:27:48

Домбырамның қос ішегі Мұңлығым мен Зарлығым,

         Домбыраның өн бойында менің барлық тағдырым.

         Міне осы домбырамен Ақан айтқан зар мұңын,

         Домбыраның шанағына сақтай білген барлығын.

 Дәулескер дарын, сырбаз сазгер, арқалы ақын, дүлділ әнші – Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Ақаннан әуелеген әсем ән» дәстүрлі   әншілер  байқауы аяқталды. Байқауға  12 жаспен 25 жас аралығындағы 40 тан астам  өнерпаз Ақжігіт Қорамсаұлының әндерін нақышына келтіре шырқай отырып өз бақтарын сынады.  Байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар жас-жасына байланысты сараланды.

12-15 жас, 16-19 жас, 20-25 жас болып үш топқа бөлінген әншілер Көкшетау шаһарын әнге бөлеп, кешегі сал мен серілердің әншілік дәуірінің керуенін кері жылжытқандай әсер қалдырды. Байқау жоғары деңгейде өтіп, гала концертке келген көпшілік өздерінің қуанышты эмоциясын жасырмады.

  • «Балалар» – 12-15 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

 Бас жүлде ақшалай сыйлықпен – Нүптеке Іңкәр Нұрманқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

1-орын  ақшалай сыйлықпен – Рамазан Томирис (Астана қ., Роза Бағланова атындағы №2 БММ)

2-орын ақшалай сыйлықпен – Дауталина Дина Нурлановна ( Ақтөбе қ .,  №8 ОМ)

3-орын ақшалай сыйлықпен –  Қабиденов Дидар Азаматович (Көкшетау қ., Біржан сал атындағы музыкалық колледжі)

  • «Жасөспірімдер» – 16-19 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

 Бас жүлде ақшалай сыйлықпен – Мадетхан Айдын (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

1-орын ақшалай сыйлықпен – Қыдырханова Тахмина Медеухановна (Өскемен қ., Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі) АЙТУ КЕРЕК ЖОЛ ЖҮРІП КЕТТІ ДЕП

2-орын ақшалай сыйлықпен –  Бримжанов Расул Куатович (Ұлытау облысы «Жезқазған музыкалық колледжі» КМКҚ)

3-орын  ақшалай сыйлықпен – Тұрсынғазы Досхан Сұңқарұлы (Абай облысы, «Семей қ., Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище»)

 «Жастар» – 20-25 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

Бас жүлде ақшалай сыйлықпен –  Төкенов Қуандық Қуатұлы (Қарағанды обл, Бұхар жырау ауданы)

1-орын ақшалай сыйлықпен –  Әлбосын Таңнұр  (Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі)

2-орын ақшалай сыйлықпен – Сергазина Ақниет Шоханқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

3-орын ақшалай сыйлықпен Тұрабекова Кәмшат Бердібекқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

Келесі қатысушылар төмендегі аталымдармен марапатталады

 «Құлагер» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Қажкен Мұрат (Солтүстік Қазақстан облысы, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандырылған мектеп-интернат кешені» КММ)

  «Маңмаңгер» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Нұрмолдаев Данияр Ербосынович ( Алматы қ., П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі)

  «Майда қоңыр» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Нұрғалиұлы Азамат (Ұлытау обл. «Жезқазған музыкалық колледжі» КМКҚ

 «Балқадиша» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Халық Гаухар Азаматқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

 «Мақпал»  аталымымен ақшалай сыйлықпен – Тавлетеева Агиля (Павлодар обл., Экибастуз қ., Естай атындағы балалар музыкалық мектебі)  АЙТУ КЕРЕК ЖОЛ ЖҮРІП КЕТТІ ДЕП

«Шабыт» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Төлегенов Ернар ( Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі)

Ақан сері (Ақ жігіт) Қорамсаұлы тек Көкшенің емес исі қазақтың тарихи тұлғасы мақтанышы. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі бастап ұйымдастырған республикалық байқау өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүйінші хабар!

Құрылған күні: 2023.04.05 13:09:13

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі Ақмола облысының колледждері арасында өткізілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған облыстық конкурстың жеңімпазы атанғанын қуана хабарлаймыз!
Ұжымның кәсіби біліктілігі мен мамандардың замануи қабілетті еңбегінің, студенттердің білім деңгейі мен шығармашылық жетістігінің жемісі болған бұл жеңіс баршамызға шабытты күш, көңілді серпін сыйлады.
Жетістік пен жеңіске, сүйінші мен қуанышқа толы күндер көп болсын!

 

«Заманауи сабақ – тұлғаны дамыту сабағы» атты әдістемелік фестиваль

Құрылған күні: 2023.04.05 13:06:21

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  жалпы білім беретін пәндер мен арнайы пәндер оқытушыларының  арасында әдістемелік фестиваль өтті.

Колледжішілік фестивальдің негізгі мақсаты – сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің дәстүрлі және инновациялық формалары мен әдістерін жетілдіру бойынша оқытушылардың  жұмысын жандандыру, оқытушының білім беру қызметінің негізгі түрі – сабақ арқылы өзінің кәсіби жетістіктерін көрсетуі.

Қатысушылар үшін келесі  номинацияларды таңдау құқығы ұсынылды: «Шеберлік сыныбы», «Жасаушы», «Ғажап». Сараптамалық топ құрамында колледж әкімшілігі, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер болды.

Бұл байқауға дизайн пәндерінің,  музыкалық пәндердің, гуманитарлық пәндердің оқытушылары белсенді қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Шеберлік сыныбы» номинациясы бойынша – дизайн пәндерінің  оқытушысы Хавдыразах Құлжазира және музыкалық  пәндер  оқытушысы  Омарова Патима Абибуллаевна;

«Жасаушы» номинациясы бойынша  – Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Тілеуғабылова Гүлзина Төлекқызы және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садвакасова Лилия Абитханқызы;

«Ғажап»номинациясы бойынша  –  жас педагог,  биология пәнінің оқытушысы  – Танатарова Балнұр Алмасханқызы.

Оқытушыларымызды  құттықтаймыз және шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен VI Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауына барып, бақ сынап қайтты

Құрылған күні: 2023.04.03 12:59:34

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен VI Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауына барып, бақ сынап қайтты. Астана балет театрының сахнасында біздің қыздар кәсіби мамандармен бірге иық тіресе өнер көрсетіп, мол тәжрибе жинап қайтты. Аталмыш байқауда жақында ғана Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының грантын жеңіп алған 4 курс студенті Амирбеков Рустем Шара Жиенқұлованың шәкірті Гайникамал Нығыметжанқызының арнайы сыйлығымен марапатталды. Батыр майданда шынығады деген аталы сөз бар ғой, студенттерімізге әр байқау үлкен мектеп, асқақ арман және жаңа мақсаттарға жол ашады. Өнерпаз жастарымызға тек жеңіс тілейміз!

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Құрылған күні: 2023.03.31 15:23:51
  1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2023 жылғы 1 наурыздан – 30 наурыз аралығында.
  2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК https://vkkas.edu.kz/ru/ сайтында.

сайтында ақпаратты орналастыру.

  1. Көпшілік талқылау қатысушыларының ұсыныстары және (немесе) ескертулер тізімі: көпшілік талқылау бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚКна, сондай-ақ ресми интернет-ресурсында келіп түспеді.

 

№ р/р Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізілген ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні Көпшілік талқылау аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау не қабылдамау бойынша негіздер Ескерту
1 2 3 4 5 6

«ҚАЗАҚТАНУ» және «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚХА жобалары аясындағы «СӘНДІ СӘУКЕЛЕ МЕН КИЕЛІ КИМЕШЕК»

Құрылған күні: 2023.03.20 15:38:16

Жаңа жылда, жақсы жаңалық.Қуанышпен бөліссең көбеиеді деп ырым ететін елмізғой, құтты мереке әз-Наурыздың қарсаңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің дизайн пәндері оқытушысы Күлжазира Хавдыразах 20.03.2023 ж. «ҚАЗАҚТАНУ» және «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚХА жобалары аясындағы «СӘНДІ СӘУКЕЛЕ МЕН КИЕЛІ КИМЕШЕК» шеберлер мен әуесқойлардың облыстық байқауына қатысып Бас жүлдеге ие болды. Оқу орынымызда осындай кәсіби мамандар жұмыс жасап, жастарды баулып жатқанына қуаныштымыз. Ұжым атынан Күлжазира Хавдыразах ханымды шын жүректен Құттықтаймыз!

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы атынан баршаңызды әз-Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2023.03.18 16:28:11

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі жыл сайын төл мерекемізді жоғары деңгейде қарсы алуды әдетке айналдырған. Ұлттық өнер мен ұлттық ойындарды жаңғырта отырып науырыз көжеден дәм татым бір тұтас отбасындай биылғы жылыда жыл мерекесін қарсы алдық. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы атынан баршаңызды әз-Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлісу