jjjjjjjjjjj

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.06.13 16:11:46

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Музыкалық пәндер оқытушысы (фортепиано сыныбы), оқыту мемлекеттік тілде

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы,   оқыту мемлекеттік тілде
  2. Демалыстану пәндері оқытушысы  (МДҚ ұйымдастыру),  оқыту мемлекеттік тілде
  3. Информатика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  4. АӘД оқытушысы
  5. Сахна тілі оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  6. Математика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  7. Химия оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  8. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
  9. Режиссура және актер шеберлігі оқытушысы
  10. Сахна қозғалысы және пластики оқытушысы
  11. Ағылшын тілі оқытушысы
  12. Экономика оқытушысы
  13. Концертмейстер (фортепиано)

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

 

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

ҰБТ сертификаты;

Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Подготовка к международному чемпионату EuroSkills 2023

Құрылған күні: 2023.06.02 10:08:18

В настоящее время студентка Высшего колледжа культуры имени Акана серэ Саакян Ангелина готовится в международному чемпионату EuroSkills 2023.

Подготовка – это оттачивание навыков через 7 базовых модулей по цветочным композициям, композиции, букет, украшение, свадебное оформление, упражнения по расстановке стола.

Город Караганда

Өнер туындысы – өмірді түсінудің кілті деп

Құрылған күні: 2023.06.03 16:04:20

Сағат Әшімбаев айтқандай бойдағы өнерді болашақпен,келешекпен бөлісу мақсатында, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі маусым айының бірі күні, Тәуелсіздің алаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арнап естен кетпес керемет концерт өткізді. Концерттің мақсаты колледжімізді көпшілікпен таныстырып, насихаттау және көрерменге керемет көңіл күй сыйлау. Колледжіміздің талантты әншілері, мың бұралған бишілері саябақта жүрген адамдардың назарын аударып, сахна маңына топтастырды. Қуана соғылған патша көңілді көрерменнің әр шапалағы, біздің студенттерге берген ақ батасы деп түсіндік. Қазақ өнері, қазақ мәдениеті жасай берсін. Мәдениет колледжінің негізгі мақсаты , өңіріміздің өнерін өлтірмеу, мәдениетін дәріптеу. Біздің талантты жастар, жас талапкерлермен киелі сахнаны бөлісуге қашанда дайын.

Отчетный концерт группы 4 ПХ

Құрылған күні: 2023.06.09 16:54:32

05 июня в Высшем колледже культуры им. Акана серэ города Кокшетау состоялся отчетный концерт группы 4 ПХ, с русским языком обучения -«Финальный выход»!
Целью концерта являлась защита практической части преддипломной практики. Концертная программа была организована практикантами группы 4ПХ. Конечно же, свой большой вклад в организацию мероприятия внесли директор колледжа – Куралай Газизовна, преподаватели: Журба Е.М., Погорелый А.И., Бронников Д.В. и многие другие, за что выражаем им огромную благодарность от лица студентов!
В данном концерте была показана разносторонняя работа наших студентов, от постановок народных танцев до экспериментальной хореографии современного направления. Студенты младших курсов специальности ПХ показали отличный результат в исполнительской деятельности, чем очень помогли и поддержали будущих выпускников! Студенты других специальностей продемонстрировали сплочённость, показывая свои номера между выступлениями хореографов, болея за них в зале.
«Финальный выход» состоялся: отчётный концерт 4 ПХ получился очень насыщенным и позитивным. Пожелаем им успешного выпуска и дальнейшего профессионального роста!

   

Балаларды қорғау күні

Құрылған күні: 2023.06.01 18:27:01

Балаларды қорғау, болашақты қорғау, балаларды тәрбиелеу, ел ертеңін кемелдендіру. Бүгін бірінші маусым балаларды қорғау күніне орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледж ішінен құрылған “Алтын сақа” қуыршақ театры орталық алаңға барып балаларға рухани базарлық тарту етті. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәріп Ұзақовтың сахналауымен “Алдардың айласы” қойылымы кішкентай көрермендердің көңілінен шықты. Балаларымызға бақытты балалық шақ тілейміз.

“Дидар”

Құрылған күні: 2023.05.26 21:04:50

Жақында өткен мәдениет және өнер қызыметкерлері күніне орай, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі дәстүрлі түрде өткізіп кележатқан “Дидар” актерлық және режиссерлық шеберлік бағытындағы театр байқауын өткіздік. Тартысты байқау өтті. Әр қойылым өз деңгейін де биік, өзінше қызықты болды. Конкурстың ашылу салтанаты колледжіміздің мәжіліс залында өтті. Байқауға әділ қазылық жасаған Қ.Р Мәдениет қайраткері актриса Кусайнова Жанар Сатыбалдықызы және Рыбакова Галина Алексеевна аға оқытушы, ал әділ қазылар Алқасының төреағасы мемлекеттік Дарын жастар төс белгісінің иегері, Ақмола облыстық орыс драма театрының директорының орынбасары Асхат Заутбекұлы төрелік етті. Байқаудың шымылдығын колледжіміздің 4 курс студенті Комис Олжастың режиссерлігімен қойылған “Адамға қанша жер керек” (Лев Толстой) қойылымы ашты, аталмыш қойылым театр өнерін шын түсінетін көрерменнің көңілінен шықты, келесі қойылым Орыс драма театрының сахнасында Қарағанда қаласының Тәттімбет атындағы колледжінің студенттерінің әкелген “Әйел Махаббаты” (М. Мағауин) қойылымы да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, Степногорск қаласынан келген “Образ” студенттік ұжымы да “Сегіз әйел”, ” Красная шапочка” ертегісін сахналады бұл қойылымдар да өз жастарына лайық көрерменді баурай білді, колледжіміздің “EL jastar” театры Тасболат Омаровтың “Махаббат аллеясы” музыкалық драмасын өте әсерлі ойнап, керемет ойын үлгісін көрсетті. “Театр Көбейсе, түрме азаяды” деп ұлы ойтыл Шерхан атамыз айтқандай, студенттердің театрға деген махаббатын көріп, бойларындағы талантын тамашалап ертеңгі театр өнеріне нық сеніммен қарадық. Байқау қортындысы бойынша, жүлделі екінші орын Степногорск қаласы, жүлделі бірінші орын Қарағанды қаласы ал бас жүлдені “EL jastar” театры жеңіп алды. Үздік балалар қойылымы аталымын “Красная шапочка”, үздік режиссерлік жұмыс аталымын Комис Олжас жеңіп алды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификаттар мен медальдар таратылды. Барлық қатысушылар өнер алмасып, жаңа дос тауып қимай тарасты. Барлық қатысушылар мен көрермендерімізге театр ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз. Мәдениетіміз, жастарымыз лайым тек биіктерден көрінгей.

Бөлісу