0402000 Дизайн (салалары бойынша) мамандығына  қабылдау емтиханына  даярлауға ұсыныстар

Дизайн (салалары бойынша) мамандығына  0402013-1 Интерьер дизайны және 0402013-3  Киім дизайны біліктіліктеріне қабылдау емтихандары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Сурет» пәнінен шығармашылық емтихан, екінші кезең «Композиция» пәнінен шығармашылық емтихан.

«Сурет» пәнінен шығармашылық емтиханда берілетін  тапсырма «Интерьер дизайны» және «Киім дизайны» біліктіліктеріне:

қарындашпен А3 форматында геометриялық денелер натюрмортын салу.

Тапсырма бойынша жұмысты орындауға қойылатын басты талаптар:

  1. Қағаз бетінде орналастыра білу.
  2. Заттың пропорциялық шешімдерін табу.
  3. Заттың көлемді-сызықтық конструкциялық құрылысын сала білу.
  4. Жұмысты тондық шешімде жалпылау.

Қабылдау емтиханының бірінші кезеңінде талапкерлер сурет салу заңдылықтарын білулері қажет, геометриялық денелердің конструкциялық ерекшеліктеріне талдау жасап, қағаз бетіне дұрыс орналастыра білулері қажет. Салынған суретті штрихтау арқылы геометриялық денелердің көлемін, кеңістікті көрсете білу керек.

«Интерьер дизайны» біліктілігіне қабылдау емтиханының екінші кезеңінде «Композиция» пәнінен талапкерлердің кеңістікті ойлау қабілеттерін және фантазиясын ашу мақасатында белгілі бір тақырып бойынша  геометриялық денелерді стилизациялау арқылы  тақырыптық композиция құрастыру тапсырмасы беріледі.  Бояумен орындау техникасы талапкерлердің таңдауы бойынша, еркін түрде беріледі. Қажетті құралдар: А3 форматы, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, акварель, гуашь, қылқалам т.б. таңдау бойынша.

«Киім дизайны»біліктілігіне  қабылдау емтиханының екінші кезеңінде «Композиция» пәнінен талапкерлердің  ойлау қабілеттері мен киім үлгілеріне деген талғамын анықтау мақсатында берілетін  тапсырма: белгілі бір тақырып бойынша  киім топтамасының эскиздерін  орындау тапсырмасы беріледі. Бояумен орындау техникасы талапкерлердің таңдауы бойынша, еркін түрде беріледі. Қажетті құралдар: А3 форматы, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, акварель, гуашь, қылқалам т.б. таңдау бойынша.

Қабылдау емтиханының алдында дизайн пәндерінің оқытушылары қабылдау емтихандарының талаптары мен тапсырмалары бойынша өтініш тапсырған талапкерлерге бір апталық арнайы курс өткізеді.

Бөлісу