Ақан сері атындағы мәдениет колледжі мен Біржан сал атындағы музыкалық колледж командалары арасында жолдастық дебюттік ойын өтті.

Ойын АПФ (Американдық парламенттік Формат) форматында өтті және осы пікірсайыс раундының қарары келесідей болды: Бұл палата Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын орынды деп санайды.

Жолдастық ойынның бас төрешісі Көкшетау қаласының №2 мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы, республикалық, облыстық, қалалық пікірсайыс турнирлерінің 8 дүркін жүлдегері, бірнеше дүркін төреші және «Үздік төреші» атағының екі мәрте иегері Жакимова Гаухар болды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының пікірсайыс қозғалысының үйлестірушісі-Кенжебаев Мұрат Қайырбекұлы қатысты.

14.30-да командалар ойын позициясына жеребе тастады: Үкімет – Біржан атындағы музыкалық колледжі, оппозиция – Ақан сері атындағы мәдениет колледжі болды.

Шиеленіскен күрес барысында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің командасы жеңіске жетті, алайда Біржан сал атындағы музыкалық колледждің дебатерлері көрермендердің көзайымына ие болды.

Бөлісу