Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай ақылшым» атты оқырман конференциясы өтті. Абайдың қара сөздері, афоризмдері айтылып, өлеңдері оқылды, әні шырқалды. Қалың оқырманға ойы ұшқыр, рухани азық болатын тақырыпта баяндамалар талқыланды. Колледж студенттеріне Абай афоризмдерінің мағынасы жайлы сұрақ қойылып, жауап алынып, бейнеролик ретінде көрермендерге көрсетілді. Конференция соңында кітап көрмесіне шолу өткізілді. Ақын, философ Ерболат Баятұлы қорытынды ойын ортаға салып, жастарға үлгі боларлық әңгіме айтты.

Бөлісу